05 Қараша, 2016

Түркиядағы шабуылды «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өз мойнына алды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
051116-turkish-1 Түркияның оңтүстік-шығысындағы Диярбакыр қаласында болған жарылысты «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өз мойнына алды, деп хабарлайды life.ru. Қанды оқиға кеше болған еді. Мұнда полиция басқармасы маңында көлікке қойылған мина іске қосылып, салдарынан 8 адам қаза тапты. Олардың екеуі – полиция қызметкерлері. Тағы 100-ден астам тұрғын түрлі дәрежеде жарақат алған. Алғашында жергілікті билік атышулы «Күрдістан жұмысшы партиясының» ісі болуы мүмкін деген болжам жасаған. Себебі, осы маңайдағы шабуылдың басым бөлігін аталған топ содырлары ұйымдастырып келді.