08 Қараша, 2016

Баланың әзілі үшін ата-анасы айыппұл төлейді

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қостанайдағы орталық көшелердің біріндегі үйдің домофонынан белгісіз баланың дауысы  зейнеткер әйелге қоңырау шалып, осы үйге бомба қойылғаны жөнінде айтады. Әйел «бұл не әңгіме?» деп  полицияға хабарлайды. Байтұрсынов көшесіндегі үйге жедел тергеу тобы жетіп, сол аймақты қоршап алады. Барлығын тексереді.  Жарылғыш зат табылған жоқ, есесіне полицейлер жалған ақпар  таратқан 6 сыныптың оқушысы екенін анықтады. Ол әзіл үшін айтып едім деп мойындады. Енді оның ата-анасы  қомақты айыппұл төлейтін болады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазір облыста «Подросток» профилактикалық шарасы жүріп жатыр. Ішкі істер департаменті жергілікті полицей қызметінің бөлім бастығы Гүлмира Лежнинаның  айтуынша, балалар жасаған 238 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Балалардың ата-ана бақылауынсыз түнде жүрісі көп. Полицейлер 141 жасөспірімді ұстаған. Түнгі ойын-сауық орындарынан екі бала ұсталса, 19 баланың түнде ішімдік ішкені анықталған. Жасөспірімдердің босаңсыған тәрбиесі үшін 37 ата-ана жауап береді. Нәзира Жәрімбетова Қостанай