18 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы № 680

492 рет
көрсетілді
32 мин
оқу үшін
2010 жылғы 27 қазан, Астана қаласы Ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету қызметкерлері лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес бұйырамын: 1. Ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету қызметкерлері лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е.Н.Нысанбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Министрдің м. а.       Е.АМАН. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а.2010 жылғы 27 қазандағы № 680 бұйрығымен бекітілген Ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету қызметкерлері лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамалары 1. Ұйым басшысы Лауазымдық міндеттері. Ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қыз­метіне басшылық жасайды, қабылданатын шешімдер, мүліктің сақталуы және тиімді пай­даланылуы, сондай-ақ оның қызметінің қаржы-шаруашылық нәтижелері үшін толық жауап­тылықта болады. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін ай­қындайды. Ормандарды қорғаудың және орман шаруашылығына қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға бағытталған қызметшілер жұмысының жаңа ұйымдық ны­сандары мен әдістерін енгізуді және қазіргі нысандары мен әдістерін жетілдіруді қамта­масыз етеді. Ұйымды білікті кадрлармен қам­тамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжіри­бесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда жайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жө­нінде шаралар қолданады. Ұйым қызметіне талдау жасау және оның жұмысының көрсет­кіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту жөнінде қажетті шаралар қолданады. Әлеуметтік әріп­тестік қағидаттарының негізінде ұжымдық шарт әзірлеуді, жасауды және орындауды, еңбек тәрті­бін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбекке құлшынысын, бастамашылығы мен белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі. Ұйым қызме­тінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәсе­лелерінде заңдылықтың сақталуын қамтама­сыз етеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және босатуды жүзеге асырады. Шарттар жаса­сады, жеке және заңды тұлғалармен мәмілелер жасайды. Өзінің құзыреті мәселелері бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның өкілі болады. Ішкі еңбек тәртібінің, техника мен жабдықтарды техникалық пайдалану талаптарының орында­луын, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның дер кезінде есеп беріп отыруын қамтамасыз етеді. Ор­ман қорының мемлекеттік есебін, орман­дардың мемлекеттік мониторингін жүргізуге, мемлекеттік орман қорының бекітілген аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күресу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және олардың орындалуын іске асыруға ұйымның қатысуын қамтамасыз етеді. Ормандарды күзету және қор­ғау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Қа­зақстан Республикасының орман заңдары сала­сында құқық бұзушылықтың алдын алу және тыю жөнінде шаралар қолданады. Барлық құ­рылымдық бөлімшелердің жұмысын және олардың өзара тиімді жұмыс істеуін ұйым­дастырады, олардың жұмысын ормандарды күзе­ту және қорғау жөніндегі қызметті дамытуға және жетілдіруге бағыттайды. Ұйымның мемлекеттік органдардың, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорларының, банктер алдын­дағы міндеттемелерінің орындалуын, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының, бизнес-жоспар көрсеткіштерінің орындалуын қамта­масыз етеді. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Кон­с­титуциясы, Қазақстан Республикасының Аза­маттық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасы Орман кодексі, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, «Сыбайлас жем­қор­лықпен күрес туралы» және «Қазақстан Респуб­ликасындағы тіл туралы» Қазақстан Республи­касының Заңдары, азаматтық авиация саласында қызмет көрсетілетін ормандарды күзету және қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республи­касының нормативтік-құқықтық актілері; ұйым­ның өндірістік, шаруашылық және қаржы-эконо­микалық қызметін реттейтін техникалық құ­жаттар; ұйым құрылымының бағыты, маман­дануы және ерекшеліктері; өндірістік қуаттар мен кадр ресурстары; шаруашылық жүргізудің және ұйымды басқарудың осы заманғы әдістері; стратегиялық жоспарлау; орман шаруашылығы саласындағы ғылым мен техника жетістіктері; мемлекеттік орман қорының қызмет көрсетілетін аумағының ерекшеліктері; экономика негіздері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (ор­ман шаруашылық саласындағы инженерлік) бі­лім, ұшқыш-байқаушы куәлігінің болуы, ұйым­ның бағытына сәйкес келетін басшы лауа­зымдардағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауға тиіс. 2. Ұйым басшысының орынбасары Лауазымдық міндеттері. Өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметіне бас­шылық жасауды қамтамасыз етеді, олардың жұ­мысы мен тиімді өзара іс-қимылын ұйым­дастырады. Орман қорының бекітілген ау­ма­ғында ормандарды өрттерден авиациямен қорғау және орман шаруашылығы ұйымдарына қызмет көрсету жөніндегі жоспарлы тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Ұйымның бар­лық бөлімшелерін дер кезінде және сапалы да­йындауды және белгіленген жұмыс техно­логияларының сақталуын жүзеге асырады. Ор­мандарды қорғау мен орман шаруашылығына қызмет көрсету тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға бағытталған қызметшілер жұ­мы­сы­ның жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қазіргі нысандары мен әдістерін жетілдіруді қамтамасыз етеді. Өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасайды, ұжымда жайлы психологиялық ахуал­ды қалыптастырады. Өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның өкілі болады. Еңбек тәртібінің сақ­талуын, қызметкерлердің еңбекке құштарлығын, бастамашылығы мен белсенділігін дамытуға, ішкі еңбек тәртібінің, техника мен жабдықтарды техникалық пайдалану талаптарының орын­далуына, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормалар мен ережелердің сақталуына жәрдемдеседі. Статис­ти­калық есептің жүргізілуін және ұйым қызметі туралы есептілік берілуін ұйымдастырады. Ұш­қыштар құрамының және авиациямен өрт сөндіру командасы қызметкерлерінің медици­налық айғақталуын және ұшу алдында тексеруден өтуін, біліктілігін арттыруын, картогра­фиялық материалмен қамтамасыз етілуін ұйым­дастырады. Дайындық және авиациямен орман қорғау жұмыстарын жоспарлауды ұйымдас­тырады. Авиациямен қарауылдау кезінде диспетчерлік қызметтің, ұшқыш-бақылаушылардың жұмысына, белгіленген жұмыс технологияла­ры­ның сақталуына, өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметке бақылау жасайды. Мүдделі ұйымдармен келісім бойынша қажет болған жағдайларда өрт сөндіру күштері мен құрал­дарын тиімді пайдаланады, қосымша әуе кемелерін, өрт сөндіруші-десантшылар командаларын тартады. Республикалық диспетчерлік қызмет­тердің жұмыстарын, ұйымның авиациялық бө­лім­ше­лерінің ұшу және өндірістік құжаттаманы жүргізуіне бақылау жасалуын ұйымдастырады. Жеке ұшу сағаттарын есепке алуды, ұшу кітап­шаларын жүргізуді ұйымдастырады. Өндірісті, басқаруды ұйымдастыруды және жалақы төлеуді жетілдіру жөнінде шаралар қолданады. Рацио­нализаторлық пен өнертабыс жөніндегі жұ­мысты ұйымдастырады, ғылыми-зерттеу жұмыс­тарын жүргізуге қатысады, озық жұмыс тәжірибесін енгізуді қамтамасыз етеді. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Орман кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Рес­публикасының Заңдары, «Сыбайлас жемқор­лықпен күрес туралы» және «Қазақстан Респуб­ликасындағы тіл туралы» Қазақстан Республи­касының Заңдары, ормандарды күзету және қорғау мәселелері бойынша, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының норма­тив­тік-құқықтық актілері; ұйымның өнді­ріс­тік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін техникалық құжаттар; ұйым құрылымының бағыты, мамандануы және ерекшеліктері; өндірістік қуаттар мен кадр ре­сурстары; шаруашылық жүргізудің және ұйым­ды басқарудың осы заманғы әдістері; стратегиялық жоспарлау, орман шаруашылығы саласындағы ғылым мен техника жетістіктері; мемлекеттік орман қорының қызмет көрсетілетін аумағының ерекшеліктері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік тех­никасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (орман шаруашылық саласындағы инженерлік) білім, ұшқыш-байқаушы куәлігінің болуы, ұйымның бағытына сәйкес келетін басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауға тиіс. 3. Авиациялық звеноның командирі Лауазымдық қызметтері. Мемлекеттік орман қорының бекітіп берілген аумағында орман­дарды өрттерден авиациямен қорғау жөніндегі тапсырмалардың орындалуын және орман шаруашылығы кәсіпорындарына қызмет көрсе­туді қамтамасыз етеді. Орман өрттерін байқау және сөндіру бойынша тікұшақтар мен ұшақ­тардың ұшу сапарларының орындалуын бақылайды. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты жоспар­лайды және ұйымдастырады. Авиациялық техника бойынша орындалған жұмыстарды бақы­лайды. Өрттің алдын алу іс-шараларын жүр­гізуді, авиациямен қарауылдауды және орман өрттерін сөндіруді ұйымдастырады. Жалпы орман патологиялық қадағалауды жүзеге асы­рады. Авиациялық техниканың: әуе кемелерінің, өрт сөндіретін техникалық құралдардың, кө­ліктің, байланыс құралдарының ұтымды пай­даланылуын қамтамасыз етеді. Өндірістік қыз­метке байланысты төтенше оқиғалар жайында ұйым басшылығына дер кезінде баяндайды. Ұйым бөлімшелерінің материалдық құндылық­тарының бар-жоғын тексереді. Бөлінген қаражат пен материалдық құндылықтардың ұтымды және мақсатты пайдаланылуы, ұйымның авиациялық звеносы ақша қаражатының жұмсалуы үшін жауаптылықта болады. Авиациялық техникада жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Орман кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, «Сыбайлас жемқор­лық­пен күрес туралы» және «Қазақстан Рес­публи­касындағы тіл туралы» Қазақстан Рес­публикасының Заңдары, ормандарды күзету және қорғау мәселелері бойынша, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республи­касының нормативтік-құқықтық актілері; авиа­циялық техниканы пайдалану ережесі, оның құрылысының конструкциялық ерекшеліктері, мақсаты; ұшақ басқару, метеорология, аэро­динамика негіздері; ұйымда пайдаланылатын ұшақтар мен тікұшақтардың ұшу-техникалық және пайдалану деректері; мемлекеттік орман қорының аумағына қызмет көрсету ерекшеліктері; ұйымның өндірістік және қаржылық құ­жаттарын ресімдеу жөніндегі талаптар; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (орман шаруашылық саласындағы инженерлік) білім, ұшқыш-байқаушы куәлігінің болуы, ұйым­ның бағытына сәйкес келетін жұмыс істеу өтілі 5 жылдан кем болмауға тиіс. 4. Өндірістік-ұшу қызметінің бастығы Лауазымдық міндеттері. Өндірістік ұшу қызметіне басшылық жасайды. Орман қорының бекітіп берілген аумағында ормандарды өрт­терден авиациямен қорғау және орман ша­руашылығы ұйымдарына қызмет көрсету жө­ніндегі жоспарлы тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Орман өрттерін байқау және сөндіру жөнінде тікұшақтармен және ұшақ­тармен ұшу сапарларының орындалуына ба­қылау жасайды. Өртке қарсы алдын алу іс-шараларын жүргізуді, авиациямен қарауылдауды және орман өрттерін сөндіруді, жалпы орман патологиялық қадағалауды жүзеге асыруды ұйымдастырады. Әуе кемелерінің, өрт сөндіретін техникалық құралдардың, көліктің, байланыс құралдарының ұтымды пайдаланылуын қам­тама­сыз етеді. Авиациямен қарауылдау кезінде ұшқыш-байқаушылардың жұмысын тексереді. Ұйымның авиациялық бөлімшелерінің ұшу және өндірістік құжаттаманы жүргізуіне бақылау жасайды. Кадрлар іріктеуді жүзеге асырады, олар­ды жұмысқа қабылдау және босату жөнінде басшылыққа ұсыныстар енгізеді. Ұйым қызмет­керлерімен оқу сабақтарын және түсіндірме жұмысын ұйымдастырады және тікелей өткізеді. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конс­титуциясы, Қазақстан Республикасының Орман кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, «Сыбай­лас жемқорлықпен күрес туралы» және «Қазақ­стан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, ормандарды күзету және қорғау мәселелері бойынша, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республика­сының нормативтік-құқықтық актілері; авиация­лық техниканы пайдалану ережесі, оның құры­лысының конструкциялық ерекшеліктері, мақса­ты; ұшақ басқару, метеорология, аэродинамика негіздері; ұйымда пайдаланылатын ұшақтар мен тікұшақтардың ұшу-техникалық және пайдалану деректері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіп­сіздік ережелері мен нормалары. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (орман шаруашылық саласындағы инженерлік) білім, ұшқыш-байқаушы куәлігінің болуы, ұйымның бағытына сәйкес келетін жұмыс істеу өтілі 5 жылдан кем болмауға тиіс. 5. Ұйымның авиациялық бөлімшесінің бастығы Лауазымдық міндеттері. Ұйымның авиация­лық бөлімшесіне басшылық жасайды. Қабыл­данатын шешімдер, мүліктің сақталуы және тиімді пайдаланылуы үшін жауаптылықта болады. Орман қорының бекітіп берілген аумағында ормандарды өрттерден авиациямен қорғауды және орман шаруашылығы ұйымдарына қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Ормандарды авиа­ция­мен қорғау жөніндегі өндірістік жоспарларға, тапсырмаларға және нұсқаулыққа сәйкес орман өрттерін байқау және сөндіру бойынша тік­ұшақтар мен ұшақтарда ұшу сапарларының орындалуын қамтамасыз етеді. Қолда бар күш­пен өрттің алдын алу іс-шараларының жүр­гізілуін, авиациямен қарауылдауды және ор­ман өрттерін сөндіруді, жалпы орман патологиялық қадағалауды жүзеге асыруды, ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын ұйым­дастырады. Әуе кемелерінің, өрт сөндіретін техникалық құралдардың, көліктің, байланыс құралдарының ұтымды пайдаланылуын қамта­масыз етеді. Ұшқыш-байқаушылардың және авиациямен өрт сөндіру командасы нұсқаушы­ларының жұмысын басқарады және үйлестіреді. Мемлекеттік орман иеленушілермен бірлесіп жұмыс істейді. Авиациялық бөлімшенің өндіріс­тік қызметі туралы есептілік жасайды. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Орман кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, «Сыбайлас жемқор­лықпен күрес туралы» және «Қазақстан Рес­публи­касындағы тіл туралы» Қазақстан Респуб­ликасының Заңдары, ормандарды күзету және қорғау мәселелері бойынша, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының нор­ма­тивтік-құқықтық актілері; авиациялық техни­каны пайдалану ережесі, оның құрылы­сының конструкциялық ерекшеліктері, оның мақсаты; ұшақ басқару, метеорология, аэродинамика негіздері; ұйымда пайдаланылатын ұшақтар мен тікұшақтардың ұшу-техникалық және пайдалану деректері; мемлекеттік орман қорының аумағына қызмет көрсету ерекшеліктері; ұйымның өндірістік және қаржылық құжаттарын ресімдеу жөніндегі талаптар; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (орман шаруашылық саласындағы инженерлік) білім, ұшқыш-байқаушы куәлігінің болуы, ұйымның бағытына сәйкес келетін жұмыс істеу өтілі 3 жылдан кем болмауға тиіс. 6. Ұйымның өндірістік-ұшу қызметінің инспекторы Лауазымдық міндеттері. Ормандарды өрттер­ден авиациямен қорғау және орман шаруашы­лығы ұйымдарына қызмет көрсету жөніндегі тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Орман өрттерін байқау және сөндіру жөнінде тікұшақтармен және ұшақтармен ұшу сапарла­рын орындау жұмысын ұйымдастырады. Ұш­қыш-байқаушылармен бақылау-тексеру ұшу сапарларын жүргізеді. Сабақтар, оқу-жаттығу ұшу сапарларын өткізуді және емтихан қабыл­дауды жүзеге асырады. Ұшқыш-бақылаушылар курстарының курсанттарымен, тыңдаушы­ла­ры­мен жұмыс жүргізеді. Инспекторлық тексерулер өткізеді және ұйым бөлімшелерінің ұшу құжаттарын тексереді. Ұйымның ұшу-өндірістік қызметімен байланысты ағымдағы өндірістік мәселелерді шешеді. Өндірістік жоспарларға, тап­сырмаларға және нормативтік құжаттарға сәйкес өртке қарсы алдын алу іс-шараларының жүргізілуін, авиациямен қарауылдауды және орман өрттерін сөндіруді ұйымдастырады. Әуе кемелерінің, байланыс пен өрт сөндіретін техникалық құралдардың, көліктің ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Өндірістік қызметпен байланысты төтенше оқиғалар жа­йында ұйым басшылығына дер кезінде баяндайды. Ұйым бөлімшелерінің материалдық құндылықтары болуын тексереді. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Орман кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, «Сыбайлас жемқор­лық­пен күрес туралы» және «Қазақстан Рес­публикасындағы тіл туралы» Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Заңдары, ормандарды күзету және қорғау мәселелері бойынша, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының нор­мативтік-құқықтық актілері; авиациялық техни­каны пайдалану ережесі, оның құрылысының конструкциялық ерекшеліктері, оның мақсаты; ұшақ басқару, метеорология, аэродинамика негіздері; ұйымда пайдаланылатын ұшақтар мен тікұшақтардың ұшу-техникалық және пайдалану деректері; мемлекеттік орман қорының аумағына қызмет көрсету ерекшеліктері; ұйымның өндіріс­тік және қаржылық құжаттарын ресімдеу жөніндегі талаптар; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (орман шаруашылық саласындағы инженерлік) білім, ұшқыш-байқаушы куәлігінің болуы, ұйым­ның бағытына сәйкес келетін жұмыс істеу өтілі 3 жылдан кем болмауға тиіс. 7. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және оның диагностикасы жөніндегі инженер Лауазымдық міндеттері. Авиациялық техни­каны: конструкция элементтерін, агрегаттар мен жүйелерді жөндеуді орындауды ұйымдастырады. Техникалық қызмет көрсету: авиациялық техниканың ақауларын іздеу және жою жөніндегі жұмыстарды орындайды. Қосалқы бөлшектерге, жерде қызмет көрсететін материалдық құрал­дарға аспаптық бақылау жасайды. Техникалық-пайдалану және жөндеу құжаттамасын жүргізуді жүзеге асырады. Еңбек және қауіпсіздік техни­касы ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Әуе кемелерінің тораптары мен агрегаттарын пайдалану жөніндегі жұмыс­тардың есебін жүргізеді. Әуе кемесінің техни­калық әзірлігінің кемшіліктерін жою жөнінде жедел шаралар қолданады. Авиатехникаға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орын­дайды. Әуе кемелерінің инспекторлық байқау­ларына қатысады. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заң­дары, ормандарды күзету және қорғау мәсе­лелері бойынша, азаматтық авиация саласын­дағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері; авиациялық техниканы пайдалану ережесі, оның құрылысының конструк­циялық ерекшеліктері, мақсаты; ұшақ басқару, метеорология, аэродинамика негіздері; ұйымда пайдаланылатын ұшақтар мен тікұшақтардың ұшу-техникалық және пайдалану деректері; әуе кемелерін пайдалану мен оларға техникалық қызмет көрсетуді регламенттейтін құжаттар; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (ұшу-техникалық) білім, әуе кемелерін пайдалану саласындағы жұмыс істеу өтілі 3 жылдан кем болмауға тиіс. 8. Ұшқыш-бақылаушы Лауазымдық міндеттері. Ормандарды авиа­ция­мен қорғауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмыстарды орындайды. Әуе кемесі экипажының құрамында ормандарды авиациямен қарауылдау, өрт сөндіруші десантшылар мен өрт сөндіру құралдарын орман өрттері болып жатқан жерлерге жеткізу жөнінде ұшу са­парларын орындайды. Орман өрттерін әуеден және жерде сөндіруді ұйымдастырады, жалпы және егжей-тегжейлі орман патологиялық қада­ғалауды жүзеге асырады. Орманда өрт қаупі бар маусымға жоспарлы әзірлік жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік орман иеленушілермен бірлесіп жұмыс істейді. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Орман кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, «Сыбайлас жемқор­лықпен күрес туралы» және «Қазақстан Респуб­ликасындағы тіл туралы» Қазақстан Республи­касының Заңдары, ормандарды күзету және қорғау мәселелері бойынша, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының нор­ма­тивтік-құқықтық актілері; авиациялық техни­каны пайдалану ережесі, оның құрылысының конструкциялық ерекшеліктері, оның мақсаты; ұшақ басқару, метеорология, аэродинамика негіздері; ұйымда пайдаланылатын ұшақтар мен тікұшақтардың ұшу-техникалық және пайдалану деректері; мемлекеттік орман қорының аумағына қызмет көрсету ерекшеліктері; авиациялық техникамен өрт сөндіру ережесі мен ерекшеліктері; авиациялық техникамен өрт сөндірудің әдістері мен тәсілдері, ерекшелімі; ұйымның өндірістік және қаржылық құжаттарын ресімдеу жөніндегі талаптар; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіп­сіздік ережелері мен нормалары. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (орман шаруашылық саласындағы инженерлік) білім, ұшқыш-байқаушы куәлігінің болуы, жұмыс өтіліне талап қойылмайды. 9. Ұйымның парашюттік және өрт сөндіру-десанттық қызметінің нұсқаушысы Лауазымдық міндеттері. Ұйымның парашюттік және өрт сөндіру-десанттық қызметінің жұмысын ұйымдастырады. Өрт сөндіруші- де­сантшылар мен нұсқаушылар құрамының бастапқы оқуы мен дайындығын өткізеді. Өн­дірістік жоспарға сәйкес парашюттік және өрт сөндіру десанттық қызметтің дайындығы үшін жауап береді. Авиациялық бөлімшелердің өртке қарсы мүлікпен, десанттық жабдықпен, арнайы киіммен және жеке қорғану құралдарымен жа­рақтандырылуын қамтамасыз етеді және бақы­лайды. Тікұшақтан түсіру құрылғыларымен жерге түсу жөнінде жерде және әуеде жаттығулар, авиациялық бөлімшелердің жеке құрамы мен орман өрттерін сөндіру бойынша жаттығулар ұйымдастырады және өткізеді. Орман өртін сөндіруде парашюттік және өрт сөндіру-десант­тық қызметтің жұмысын ұйымдастыруға қа­тысады. Қызметтік жолаушы ретінде тікұшақ­тарда орманды қадағалап ұшу сапарларын және ұшақтардың көліктік ұшу сапарларын орын­дайды. Тікұшақтан жерге түсу кезінде қауіп­сіздік техникасы ережелерінің сақталуына бақы­лау жасалуын қамтамасыз етеді. Авиациямен өрт сөндіру командасының орман өртін сөндіруге ұшу және бару кезінде жедел дайын болуын қамтамасыз етеді. Ормандарды авиациямен қор­ғау­да парашюттік-десанттық жұмыстары бо­йынша нұсқаулықтар талаптарының орында­луын қамтамасыз етеді. Өрт сөндірудің озық технологиялары мен құралдарының практикаға енгізілуін қамтамасыз етеді. Ұйымның парашюттік және өрт сөндіру-десанттық қызметі жұмы­сының өндірістік және статистикалық есептілігін жүргізеді. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конс­титуциясы, Қазақстан Республикасы Орман кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ту­ралы», «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Рес­публикасының Заңдары, «Сыбайлас жемқор­лықпен күрес туралы» және «Қазақстан Респуб­ликасындағы тіл туралы» Қазақстан Республи­касының Заңдары, ормандарды күзету және қорғау мәселелері бойынша, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының нор­ма­тивтік-құқықтық актілері; авиациялық техни­каны пайдалану ережесі, оның құрылысы­ның конструкциялық ерекшеліктері, мақсаты; ұшақ басқару, метеорология, аэродинамика негіздері; ұйымда пайдаланылатын ұшақтар мен тік­ұшақтардың ұшу-техникалық және пайдалану деректері; орман өрттерімен күресудің әдістері мен тәсілдері; мемлекеттік орман қорының қызмет көрсетілетін аумағының ерекшеліктері және қорғалатын алқапта орман өрттерін сөндіру ерекшелігі; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техни­касы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (орман шаруашылық саласындағы инженерлік) білім, ұшқыш-байқаушы куәлігінің болуы, авиациямен өрт сөндіру командасының нұсқаушысы болып жұмыс істеу өтілі 3 жылдан кем болмауға тиіс. 10. Авиациямен өрт сөндіру командасының нұсқаушысы Лауазымдық міндеттері. 12 және одан да көп адамнан тұратын өрт сөндіруші десантшы­лардың авиациямен өрт сөндіру командасының жұмысын ұйымдастырады. Орман өртін сөндіру жөніндегі өндірістік тапсырманың орындалуы үшін жауаптылықта болады. Орман өртін сөн­діру, сондай-ақ авиациялық бөлімшеде ша­руашылық жұмыстарын орындау кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді. Өрт сөндірудің техникалық құралдары бойынша оқу шараларын жүзеге асырады, өзінің біліктілігін арттырады. Тікұшақтан және жаттығу мұнара­сынан түсу құрылғысымен жерге түсу жат­тығуларын орындайды. Қызметтік жолаушы ретінде тікұшақтарда орман қарауылдау жөніндегі ұшу сапарларын және ұшақтарда көліктік ұшу сапарларын орындайды. Авиациялық бөлімшеде профилактикалық жұмыстар, өртке қарсы іс-шаралар, шаруашылық-құрылыс жұмыстары мен өндірістік тапсырмалардың орындалуын ұйым­дастырады. Өрт сөндіруші-десантшылардың ұшу алдында дем алу және тәртіп сақтау шара­ларының орындалуына бақылау жасайды. Тік­ұшақтан жерге түсу кезінде қауіпсіздік техни­касы ережелерінің сақталуына бақылау жаса­луын қамтамасыз етеді, жерге түсу құрылғысын, өрт сөндіру құралдарын және далалық жаб­дықтарды жұмысқа дайындайды, олардың сақталуы мен ақаусыз болуын қадағалайды. Орман өртін сөндіруге ұшу және шығу кезінде авиациямен өрт сөндіру командасының жедел дайындығын қамтамасыз етеді. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Орман кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Рес­публикасының Заңдары, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Рес­публикасының Заңдары, ормандарды күзету және қорғау мәселелері бойынша, азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республика­сының нормативтік-құқықтық актілері; авиация­лық техниканы пайдалану ережесі, оның құры­лы­сының конструкциялық ерекшеліктері, мақса­ты; ұшақ басқару, метеорология, аэродинамика негіздері; ұйымда пайдаланылатын ұшақтар мен тікұшақтардың ұшу-техникалық және пайдалану деректері; орман өрттерімен күресудің әдістері мен тәсілдері; мемлекеттік орман қорының қызмет көрсетілетін аумағының ерекшеліктері және қорғалатын алқапта орман өрттерін сөндіру ерекшелігі; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техни­касы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (орман шаруашылық саласындағы инженерлік) білім, ұшқыш-байқаушы куәлігінің болуы, өрт сөндіруші-десантшы болып жұмыс істеу өтілі 3 жылдан кем болмауға тиіс. 11. Парашюттік және өрт сөндіру-десанттық топтың нұсқаушысы Лауазымдық міндеттері. Өрт сөндіруші-де­сантшылардың авиациялық бөлімшесінің 3-6 адамнан тұратын парашюттік және өрт сөндіру­ші-десантшылар тобының жұмысын ұйымдас­тырады. Орман өртін сөндіру жөніндегі өндіріс­тік тапсырманың орындалуы үшін жауаптылық­та болады. Профилактикалық жұмыстар, өртке қарсы іс-шаралар, шаруашылық-құрылыс жұ­мыс­тарын және басқа да өндірістік тапсырмалар орындауға қатысады. Тікұшақтан және жаттығу мұнарасынан су құрылғысымен жерге түсу жаттығуларын орындайды. Қызметтік жолаушы ретінде тікұшақтарда орман қарауылдау жө­ніндегі ұшу сапарларын және ұшақтарда көліктік ұшу сапарларын орындайды. Өрт сөндіруші-десантшылардың ұшу алдында демалу және тәртіп сақтау шараларының орындалуына бақылау жасайды. Тікұшақтан жерге түсу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақ­талуына бақылау жасалуын қамтамасыз етеді, жерге түсу құрылғысын, өрт сөндіру құралдарын және далалық жабдықтарды жұмысқа дайын­дайды, олардың сақталуы мен ақаусыз болуын қадағалайды. Орман өртін сөндіруге ұшу және шығу кезінде авиациямен өрт сөндіру коман­дасының жедел дайындығын қамтамасыз етеді. Ормандарды авиациямен қорғауда парашюттік-десанттық жұмыстар бойынша нұсқаулықтар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Орман кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Рес­публикасының Заңдары, «Сыбайлас жемқор­лық­пен күрес туралы» және «Қазақстан Республи­касындағы тіл туралы» Қазақстан Республи­ка­сының Заңдары, ормандарды күзету және қорғау мәселелері бойынша, азаматтық авиация сала­сын­дағы Қазақстан Республикасының норматив­тік-құқықтық актілері; авиациялық техниканы пайдалану ережесі, оның құрылысының конс­трук­циялық ерекшеліктері, мақсаты; ұшақ басқару, метеорология, аэродинамика негіздері; ұйымда пайдаланылатын ұшақтар мен тікұшақ­тардың ұшу-техникалық және пайдалану деректері; орман өрттерімен күресудің әдістері мен тәсілдері; мемлекеттік орман қорының қызмет көрсетілетін аумағының ерекшеліктері және қорғалатын алқапта орман өрттерін сөндіру ерек­шелігі; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техни­касы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (орман шаруашылық саласындағы инженерлік) білім, ұшқыш-байқаушы куәлігінің болуы, өрт сөндіруші-десантшы болып жұмыс істеу өтілі 2 жылдан кем болмауға тиіс. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 15 желтоқсанда Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6685 болып енгізілді.