18 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы №585

603 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2010 жылғы 29 желтоқсан, Астана қаласы «Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру нұсқаулығын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы мемлекеттік атқарушы органдарының және басқа орталық мемлекеттік органдардың 2010 жылғы 12 шілдедегі № 11 басылымында жарияланған нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміде № 6111 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесінде: 6-бөлімде: «1. Өнер» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өнер
5В040200 Аспаптық орындаушылық
5В040900 Хореография»;
«2. Техникалық ғылымдар және технологиялар» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Техникалық ғылымдар және технологиялар
5В070100 Биотехнология
5В071400 Авиациялық техника және технологиялар
5В071500 Теңіз техника және технологиялар
5В072700 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы
5В072900 Құрылыс
5В074300 Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
5В074600 Ғарыш техникасы және технологиялары
5В074800 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»;
«3. Ауыл шаруашылығы ғылымдары» деген кіші бөлім алынып тасталсын. 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М.Өмірбаев) белгіленген тәр­тіп­пен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрық бұқаралық ақпарат құралдарында жа­рия­ла­нсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр   Б.ЖҰМАҒҰЛОВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 14 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6733 болып енгізілді.