Әлем • 15 Қаңтар, 2017

Жапонияда қалың қардан 70-тен астам әуе рейстері тоқтатылды

4843 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның орталық және солтүстік аудандарындағы қалың қар 70-тен астам әуе рейстерінің тоқтатылуына әкеп соқтырды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жапонияда қалың қардан 70-тен астам әуе рейстері тоқтатылды

NHK телеарнасының мәліметіне сүйенсек, Japan Airlines (JAL) және All Nippon Airways (ANA) ірі жапондық әуе компаниялары 56 рейсті, ал лоукостер-компаниялар 17 рейсті тоқтатты. Пойыз қозғалыстарында да кешігулер байқалуда. Әсіресе, «синкансен» жүрдек пойыздарының кейбір бағыттарындағы кешігулер бір сағатқа дейін жетті.