Медицина • 02 Мамыр, 2017

Кең ауқымда қарастырылған 

184 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Елбасымызды­ң ел га­з­е­ті − «Еге­менде» жа­рия­­­­­лан­­ған «Бо­ла­ша­қ­қа бағ­дар: рух­а­ни жаңғыру» деп атал­атын ма­қа­ла­сының қо­­ғам­да, әсіресе, зия­­лы қауым өкіл­­де­рі арасында зор сер­піліс ту­ғыз­ды. Өйт­ке­ні, Мем­­лекет басшысы қозғаған мә­селелер өте сал­­мақ­ты, те­­рең мағыналы.

Кең ауқымда қарастырылған 

Бо­­ла­шақ­қа бағ­дар­ланған  ру­х­а­ни жаң­ғы­ру­дың басым ба­ғыт­та­рын ай­қын­дап,  қи­ын­дық­тар­ды қоғам, жұ­рт­шылық бо­лып ең­серу­дің  ас­қаралы мін­дет­терін қойды.

Әр қазақстандықтың кө­­кейінде жүрген, тол­ған­ды­ратын өткір мәселенің күн тәр­­тібіне шығарылуы кез­дей­­соқ емес. Тәуелсіздік жыл­­­­дары осындай үл­кен ұм­­­тылыс жасауға жақ­сы не­­­гіз қаланды. Хал­қы­мыз Ел­­­­басымыз ұсы­н­ған ст­ра­те­­­­гиялық бағ­дар­ла­ма­лар­ды жү­­зеге асыра отырып, өс­ті, өр­кендеді, жетілді. Эко­­н­о­ми­калық-саяси сала­лар­да ор­ныққан өркенді өз­ге­ріс­тер санаға да сәулесін тү­сір­гені, қазіргі замандағы жа­ңа Қазақстанның бола­ша­ғына деген сенімді ны­ғай­та түс­кені анық. Әрине, жа­һан­дық бәсекеге қабілетті бо­лу, әлемнің озық елдерінің қа­тарынан көріну үшін мұ­ның бәрі аздық етеді. Бұл рет­­те ұлттық рухани жаң­ғы­­­руды сапалық деңгейге кө­­терудің, оған жол ашатын жа­ңа тетіктерді іске қосудың ма­ңы­зы өте зор.

Нұрсұлтан Әбішұлының өз сөзіне жүгінсек, «Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дү­­ниеде сана-сезіміміз бен дү­ниетанымымызға әбден сі­ңіп қалған таптаурын қа­ғи­далардан арылмасақ, көш ба­­сындағы елдермен тер­е­-

­земізді теңеп, иық түй­іс­тіру мүмкін емес... әрбір қа­зақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға ла-

й­ық­ты қасиеттерге ие болуы керек». Осы сөздермен са­насында сәулесі бар кез келген отандасымыздың келісеріне кәміл сенемін. Дей тұрғанмен, осы орайда жақ­сы мен жаманның, жа­ңа мен ескінің тайталасқа тү­сетінін жасырмауымыз ке­рек. Олай дейтініміз, біз үш ғасырдан астам уақыт бо­йы бодандықтың қамытын ки­іп,

отарлықтың үстемдік теп­кісін көріп, материалдық қа­на емес, зияткерлік, псих­о­ло­гиялық зардап шеккен, ұлт­тық рухымыздан айырылып қала жаздаған халықпыз. Тәу­елсіздігіміз жа­­рия­лан­ғ­анына ши­­рек ғасыр­дан ас­там уақыт ө­т­се де, ұлт­тық ж­а­ды­мыз­дың қа­саң қ­а­ғи­да­лардан ар­ылмай, ең­се­міз­дің тік­теле қой­мау­ыны­ң басты себебі, міне, осын­да жатса керек. Ұзаққа со­зылған отарлық саясатты, кейін кеңестік дәуірдің үс­темдігін бастан кешкен ұл­­ты­мыздың бірнеше буыны қа­зақы қалпынан, болмысынан айрылып қала жаздағаны ащы болса да шындық. Ұлт­тық құндылықтарымыз кө­мескіленіп, ата жолынан адас­қандар көбейді. За­ма­нның болмысына сай келе бермейтін басқалардың жыл­­тырақтарына еліктеп, тарихи танымы, ақыл-ойы дағдарысқа ұшыраған, ұлт­тық намыстан жұрдай мәң­гү­рт­тер, ұлттық тәрбиенің уы­зына қанбаған, туған еліне де­ген сүйіспеншіліктен, төл мәдениетіне деген құрметтен ада рухсыз, намыссыз жас­тар шоғыры пайда болды. Туған тілінен, ділінен адасып қалып, қазақ бола алмай басқаларға мазақ болып жүрген олардың қатары қазір де аз емес. Міне, осылайша ұлттың тағдыры, бо­лашағы сынға түскен сәтте Ел­басының рухани жаң­ғы­рудың өзекті де тү­бе­гей­лі мәселелеріне сөз ар­нап, ба­ғыт-бағдар сілтеуі, хал­қы­мызға ай туып, күн шық­қан­д­ай әсер етті десек, артық айтқандық емес.

Әрине, өткенге топырақ шаша беруге болмайды. Егемен ел болғалы да бар­лық мүмкіндіктерді тиім­ді игеріп келе жатырмыз деп айта алмаймыз. Бас­қа­лар­ды былай қойғанның өзін­де, қызмет бабын жеке ба­сы­ның мүддесіне пайдаланып, мемлекет қазы­насына қома­ғай­лана қол сал­ған, содан те­мір тордың ар жа­ғынан бір-ақ шыққан биліктегі лауазым иелерінің санынан да жаңылып қалдық. Бұл да бас-көз жоқ, биліктің тізгінін ұлт­тық құндылықтарымызға қанбаған, бойларына этно­мә­дени болмыс да­ры­ма­ған, қазақтың тілін, дінін, ді­лін, ата салтын сыйламай­тын жас­тарға ұстата са­луымыздың салдары екені рас. Замананың жү­рек лүпілін естімейтін, сез­бей­тін, кеңестік дәуірден бе­рі жалғасып келе жатқан ескі сүрлеуден шыға алмай қалған басшылар да аз емес. Міне, осындай санаттағылар Елбасы қойып отырған тың талаптар үдесінен көріне ала ма? Осы жағын да ойластырып, руханияттың тағдырын елім деген нағыз ерлердің қолына тапсыру жөн сияқты. Нақ бүгін, әсіресе, біз сөз етіп отырған салада кадр сая­сатын ұлттың мүддесін қор­ғай отырып, мемлекеттік бағытта жүргізу заман талабы екенін ескергеніміз абзал. Мұның алаштың арыс­тары «Баспасөз − халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп ардақтаған бұқаралық ақ­па­рат құралдарына, тел­еа­р­на­ларға да тікелей қатысы бар. Қазақтың біртуар аза­маттарының бірі Ақселеу Сей­дімбек: «Бiздегiдей бей­­бастақ әлемнiң бiрде-бiр елiнде жоқ. Қазiр БАҚ-тың зорлық-зомбылығынан мұрнымыздан қан кетiп отырған елмiз. Есеңгiреудiң, есi­мiзден айырылудың дең­гейiне жеттiк» деп кү­ңірене күйінгені есімізде. Содан бері не өзгерді? Өкінішке қарай, мысқалдап кірген дерт күннен-күнге асқынып ба­рады. Зиялылар дабыл қақ­қанмен, құлақ асып жат­қан­дар шамалы. Осыдан кейін ұлт үшiн күреспейтiн, мемлекет үшiн саусағын қимылдатпайтын дүбәра, кос­­мополит, немкеттi ұрпақ қайдан шығып жатыр деп таңдануға бола ма?!

Елбасы өзінің жүрек­жар­­ды сөз­дерін ең алдымен жас­­тар­ға ба­ғыштады. Рухани жаң­ғыру, за­ман талабына сай санада сіл­кініс туғызу –Пре­зи­денті­міз­дің ұдайы назарында ұстап ке­ле жатқан мәселе екенін өскелең ұр­пақ жете ұғынғаны абзал. Кезінде «Мәдени мұра», «Ха­лық – тарих толқынында» бағ­дарламалары шеңберінде елі­мізде ұлан-ғайыр істер атқарылғанын жақсы білеміз. Елбасы өзінің жаңа еңбегінде осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі тереңдете түсу, өрі­­сін барынша кеңейту, ру­ха­ни жаңғыру міндетінен туындайтын сан-салалы іс­терге тұрлаулы сипат беру мә­селесін қозғап, көптің күш-жі­герімен жүзеге асырылуға тиіс нақты міндеттерді ай­қын­д­ап, орындау жолдарын саралап берді.

Сөзден іске көшетін мезгіл жетті!

Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ,

қоғам қайраткері, облыстың құрметті азаматы

Солтүстік Қазақстан облысы