02 Шілде, 2011

Орталық Азиядағы толеранттылық мәселелері – Азаматтық форум тақырыбы

437 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Алматы қаласындағы «Достық үй­інде» Мәдениет министрлігі мен Сырт­қы істер министрлігінің және Қазақ­стан халқы Ассамблеясы Хатшы­лы­ғы­ның ұй­ымдастыруымен Қазақстан Ре­с­публи­ка­сының 20 жылдығына ар­нал­ған Орта­лық Азиядағы толерант­ты­лық мәсе­лелері жөніндегі Азаматтық форум болып өтті. Форумға Иран, Ресей, Қыр­ғызстан, Өзбекстан және Тәжік­стан елдерінен келген сарапшы­лар, Қазақстан парламентінің де­путаттары, Қазақстан халқы Ассам­блеясының жауапты қыз­меткерлері, мемлекеттік қызмет­керлер мен ғылым және шығар­машылық топ өкілдері, сарапта­малық қауымдастықтар мен эт­номәдени бірлестіктер ортасы­нан келген қонақтар қатысты. Халықаралық дәрежеде өткізіл­ген бұл шара өз жұмысын әуелі БАҚ өкілдерімен арнайы брифинг өткізуден бастап, сол жерде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті база­сында құрылған «Толерантты­лық және руханилық» атты ЮНЕСКО кафедрасының тұсау­кесер рәсімін атқарды. Азаматтық форумды Мәде­ниет вице-министрі Ғ.Телебаев құттықтау сөзбен салтанатты түр­де ашып, одан әрі ресми оты­рысты жүргізіп отырды. Қазақ­стан халқы Ассамблеясы Төраға­сының орынбасары, Ассамблея Хатшылығының меңгерушісі Е.Тоғ­жанов «Толеранттылық – қоғамдық келісімнің қазақ­стан­дық моделінің негізгі қағидасы» тақырыбында баяндама жасап, әлемдік ғылымға, мәдениетке тең­дессіз үлес қосқан Шығыс жау­һарлары һәм қазақтың даңқ­ты ұлдары түлеп ұшқан қазақ даласындағы бүгінгі көптеген ұлт өкілдері мен түрлі діни конфессиялар бейбіт өмір сүріп отырған Қазақ елінің үлгілі рухани қатынасы хақында мағы­на­лы пікірін ортаға салды. Сондай-ақ, Сыртқы істер ми­нистрлігінің кеңесшісі Д.Жә­ке­нов «Қазіргі кезеңдегі толе­рант­тылықтың қазақстандық тәжіри­бесі» тақырыбында және Ресей халқы Ассамблеясы Атқару ке­ңе­сі төрағасының орынбасары, «Еди­ная Россия» билеуші пар­тия­сы Орталық кеңесінің ұлт­ара­лық қатынастар жөніндегі ко­миссиясының тең төрағасы Н.Бухонин «Ұлттық мәдениет­тер­дің үндесуі бейбітшілік пен келісімге» деген тақырыпта баяндама жасады. Қырғыз Респуб­ли­ка­сы Жогорку Кенеші атынан келген депутат Р.Сабиров тәуелсіз­дік­ке қол жеткізген 20 жыл ара­лы­ғындағы Қазақстанның жетістіктеріне тоқталып, алыс-жақын елдермен бейбітшілік тақыры­бын­да үнқатысудың озық тәсіл­дерін ұтымды пайдалана білген Елба­сының саяси ұстанымына бауыр­ластық тұрғыдан оң баға берді. Бұдан өзге Иран-Қазақстан ақпараттық орталығының төр­аға­сы, «Қазақстан» атты қосым­ша басылымның жауапты редак­торы Х.Мохаммедреза Хусейн, «Пайвант» дүние жүзі тәжіктері кеңесінің төрағасы И.Салохиддинов, Татарстан халқы Ассам­блеясының Кеңесі төрағасының орынбасары С.Жақсыбаев, Беруни атындағы Ташкент техни­калық университетінің әлеумет­тану және саясаттану кафедра­сының профессоры А.Каххаров, түркімен этномәдени бірлесті­гі­нің төрағасы Г.Аннакулиева, Қа­зақ­стан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер инсти­тутының директоры Б.Сұлтанов, Парламент Мәжілісінің депу­та­ты Л.Хочиева бүгінгі азаматтық қоғамдағы толеранттылық тақы­рыбында баяндамалар жасап, әлемде ұлтаралық қақтығыстар мен діни түсініспеушіліктер бе­лең алған тұста бейбіт қатар өмір сүрудің озық үлгісін көр­се­тіп келе жатқан қазақстандық толеранттылықтың жарқын үл­гі­сін сөз етісті. Форум аясында ғалымдар мен Қазақстан халқы Ассам­блея­сының Ғылыми сарапта­ма­лық кеңесі мүшелерінің ұйытқы болуымен «Толеранттылықты қа­лыптастырудағы азаматтық қо­ғам институттары», «БАҚ ар­қылы толеранттылықты насихаттау», «Толеранттылық және мә­дени әралуандылық», «Толе­рант­­тылық – ғылыми пайымдау және тәжірибе» тақырыпта­рын­да бірнеше бағыттық пікір алмасу отырыстары өткізілді. Толеранттылық тақырыбын­дағы келелі отырыс пен пікір алмасулардан кейін қатысушылар этносаралық қарым-қатынастар арасындағы келісімнің Орталық Азия мемлекеттерінің бірлесе жүргізген ғылыми зерттеулері айқындаған нәтижесін алға тарта отырып, Азаматтық форум­ның Қорытынды қарарын қа­был­дады. Форум қонақтары «Сам­ұрық» Ұлттар театры және белгілі өнер қайраткерлері мен этномәдени бірлестіктер өкіл­де­рі ұйымдастырған концерттік бағдарламаны тамашалады. Қанат ЕСКЕНДІР, Алматы.