08 Шілде, 2011

Балалар – елорданың жүрегі

399 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Елорда мерекесінде ұйым­дас­тырылған түрлі мәдени іс-шаралар легінің бірқатары қала күні жұртшылықты Кон­гресс-Холл маңайына көптеп жинады. Алаңның маңы өз­деріне арналған думанды тама­шалауға келген қала тұр­ғындары мен қонақтарын ерекше сезімге бөледі. Солардың бірі Махамбет Өтемісұлы атын­дағы Оқушылар сарайының ал­дында өткен «Балалар – елор­даның жүрегі» атты қаланың туған күні мен алдағы келе жатқан Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына орай өткізілген мерекелік бағдарлама дер едік. Бүгінгі күні Еуразия кеңіс­тігінде ірі білім мен мәдениет орталығына айналған Аста­намыз күннен-күнге жаңарып, жасыл желек жамылып келеді. Әсем безендірілген аталмыш сарай аймағына таңертеңгі уа­қыттан мектеп жанындағы күн­дізгі бөлім лагерьлерінің оқу­шылары келіп, сазды әуендер ойналып, балалардың шат күл­кісімен үндесіп жатты. Айтулы мереке күні қар­саңында «Астана құрдастары» байқауы биыл оныншы рет қаламыздың жас құрдастарының басын қосқан-ды. Ал жеңімпаз атанғандар бағдарламаның құр­мет­ті қонағы болып, естелік сый­лықтарды еншіледі. Бай­қаудың ең қызықты сәті де осы жерден көрініс тапты. «Кішкентай Астана аруы» мен «Кішкентай Астана сұлтаны» бай­қаулары жеңімпаздарының сал­танатты шеруі де тартымды кө­ріністермен көрермендерін қу­ант­ты. Жалпы аталған бай­қаудың мақсаты – балғындардың дарындарын ашу мен олардың шығармашылық орындаушылық деңгейлерін көтеру болса, ел­орданың жас таланттарын анық­тап, қолдау білдіру де басты назарға алынған. Мерекелік шара аясында өткізілген тас жолға түрлі-түсті бормен сурет салу байқауы да қатысушылар мен оны тама­шалаушыларды ерекше сезімге бөледі. «Бақытты ғаламшарда-бақытты балалар!» тақыры­бымен өткен бұл сайыста бай­қаудың жеңімпазы атанған жеткіншектер мен өзге де қа­тысушылар арнайы сыйлық­тармен марапатталды. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК. Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.