Бокс • 10 Мамыр, 2017

Головкин Альварестен жеңілген жағдайда реванш өткізе алмайды    

156 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сауль Альварестің (49-1-1, 34 КО) промоутері Оскар Де Ла Хойя Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) қарсы жекпе-жегі шартының кейбір бөліміне қатысты пікірін білдірді.

Головкин Альварестен жеңілген жағдайда реванш өткізе алмайды    

«Бірден айтайын, жекпе-жек орта салмақта яғни, 160 фунтта өтеді. Екі боксшы да 10 мөлшерлі қолғаппен жұдырықтасады. Регидратация жөнінде пункт жоқ. Бұл 160 фунттағы қарапайым жекпе-жек. Бары осы ғана». Головкин-Альварес жекпе-жегіне қатысты басқа да мәліметтер:

  • Твиттерде бокс туралы жазатын атақты Boxing Kingdom парақшасы оқырмандар арасында Головкин-Альварес жекпе-жегіне орай сауалнама ұйымдастырды. Сауалнамаға қатысқан 1835 оқырманның 60 пайызы Головкин жеңеді десе, 40 пайызы Альварестің жеңісіне сенеді.
  • ESPN телеарнасының комментаторы Дэн Рафаэль Сауль Альварес пен кіші Хулио Сезар Чавес жекпе-жегі бір миллион ақылы сатылым (pay-per-view) жинаған. «Әлі ақылы сатылымның ресми мәлімдесі жасалған жоқ. Бірақ, маған жеткен ақпарат бойынша ақылы сатылым миллионға жеткен. Бұл жексенбі күнгі жекпе-жек үшін жақсы көрсеткіш», - дейді Рафаэль твиттер парақшасында.
  • Boxingnews24.com журналисі Дэн Эмброуз Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альварестен үлкендігі Головкинге басымдық беретінін атап өтті. «Канело» Головкиннен кіші екенін жексенбі күнгі кеште көрдік. Сауль Геннадийге бой мен салмақ жағынан ұтылады. Меніңше, Головкин әлі жаттығуын бастамаған. Сонда да, ол дәл қазір Альварестен ірі. Бәлкім, Оскар Де Ла Хойя екі жыл бұрын Сауль орта салмақтың боксшысы емес деп дұрыс айтқан шығар. Егер, «Канело» 160 фунттың үздіктерімен жұдырықтасатын болса, шығынға ұшырауы мүмкін. Нәтижесінде, Golden Boy өздеріне қолайлы бірінші орта салмаққа қайта түседі» - дейді автор.
  • Golden Boy Promotions өкілі Оскар Де Ла Хойя әлемнің 12 дүркін чемпионы кіші Флойд Мейвезерге карьерасын қайта жалғастыруды және Головкин-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуді ұсынды. «МакГрегорды ұмыт. Ол жігітте бокстан ешқандай тәжірибе жоқ. Флойд, тыңда, егер жекпе-жек өткізгің келсе «Канелоға» реванш кездесуге мүмкіндік бер немесе Головкинмен жекпе-жек өткіз» - дейді ол.
  • LA Times журналисі Лэнс Пигмаердің айтуынша, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің келісім шартында реванш жекпе-жегі қарастырылған. Шарты мынадай: Егер бұл кездесуде Головкин жеңіске жетсе «Канеломен» реванш жекпе-жек өткізеді. Ал, «Канело» жеңетін болса, онда ол өзіне кез-келген боксшыны қарсылас етіп таңдай алады және реванш жекпе-жек өткізуге міндетті емес.

Әли БИТӨРЕ, «Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар