Қазақстан • 19 Мамыр, 2017

Бүгінде 1 млн 200 мың отбасы Отау ТВ көреді – Абаев  

280 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«OTAU TV» ұлттық жерсеріктік телерадиохабар тартау желісінің қамту аясы 28 пайызға жетті. Қазір 1 млн 200 мың отбасы – «Отау ТВ» тұтынушысы.  Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Егемен Қазақстанға» берген сұхбатында айтты.

Бүгінде 1 млн 200 мың отбасы Отау ТВ көреді – Абаев  

«Біз отандық радиохабарды дамыту туралы арнайы бағдарлама әзірледік. Бұл бағдарламаның арқасында «Қазақ радиосы», «Шалқар» сияқты радиостанция эфирлері бүкіл Қазақстан аумағын қамтитын болады. Тозған сигнал таратқыштарды ауыстыру арқылы мемлекеттік радиохабар желісін жаңғыртуды қолға алып отырмыз. Сонда радиохабарларымыз қала мен ауыл тұрғындарында бірдей деңгейге жетеді. Сонымен бірге радиолардың мазмұнын жақсарту жұмыстары да жүргізіліп жатыр», деген министр «Отау ТВ» ұлттық спутникт желісінің қамту аясының ұлғайып келе жатқандығына тоқталды.

«Тағы бір мысал ретінде «Отау ТВ-ны» дамытуға тоқталайық. Мемлекет қомақты қаржы бөліп, осының нәтижесінде ұлттық спутниктік оператордың қамту аясы 28 пайызға жетті. Қазір 1 млн 200 мың отбасы – «Отау ТВ» тұтынушысы. Егер, орташа есеппен бір отбасында 4 адамнан десек, отандық телеарналардың тұрақты көрермендері қаншалықты ұлғайғанын шамалауға болады.  Мұның бәрі не үшін жасалып жатыр? Бұл, ең алдымен, көрермендеріміз өз арналарымызды жақсы сапада көруі үшін және заңнамамызды толық сақтайтын телеарналарды қарауы үшін жасалған шаралар. Негізі мұндағы түпкі мақсатымыз – халықтың арасында «серые тарелки» деп аталып кеткен спутниктік қабылдағыштарға қажеттілікті, әсіресе, солтүстік өңірлерде азайту. Өйткені, бұл қабылдағыштар бірде бір отандық арнаны көрсетпейді. Осының салдарынан кейбір ауылдар Қазақстан жаңалықтарын мүлде көрмей келген. Бұл дегеніміз − ақпараттық қауіпсіздікке төнген тікелей қауіп. Міне, біз осы проблеманың алдын алып жатырмыз. Өзіңіз білесіз, шетелдік телеарналардың эфиріндегі жарнама трансляциясына да тыйым салдық. Ол да ақпараттық кеңістікті нығайту мақсатындағы шара», дейді министр Д.Абаев.

Сұхбатты толықтай мына сілтеме бойынша оқи аласыздар.