Қазақстан • 02 Маусым, 2017

Табиғат қорғау тетігі талқыланды 

300 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде табиғатты пайдалану және экология саласында атқарылған жұмыстарды қорытындылау бойынша селекторлық кеңес өтті.

Табиғат қорғау тетігі талқыланды 

Парламент депутаттары мен мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысқан жиында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау, қоғамдық мониторинг нәтижелері сөз болып, аталған саладағы әкімшілік кедергілерді азайту бойынша мәселелер қаралды.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректеріне сәйкес, табиғатты пайдалану және экология саласында өткен жылы 26 сыбайлас жемқорлық қылмыстар тіркеліпті. Бұл көрсеткішті ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысымен салыстырғанда, өсім 3 есеге артқан.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтің айтуынша, табиғат ресурстары мен қоршаған ортаны қорғау саласында сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының негізгі факторларына табиғат ресурстары мен табиғатты қорғау заңнамасының жетілмегендігі жатады.

Энергетика министрлігі және оның аумақтық бөлімшелерімен 2016 жылы қоршаған ортаны қорғау саласындағы бұзушылық фактілері бойынша 5610 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, олардың 92% бойынша жалпы сомасы 2 млрд. теңгеден астам айыппұл салынған.

Жиын барысында салынған айыппұл  көлемі ең көп аумақтар атап өтілді. Олар – Батыс Қазақстан облысы – 578 млн. теңге, Ақтөбе облысы – 458 млн. теңге және Қарағанды облысы бойынша – 448 млн. теңге. Ал энергетика министрлігінің ақпараты бойынша 2016 жылы бақылау-инспекциялық қызметтің нәтижесінде қоршаған ортаны ластағаны үшін заңды тұлғалардан жалпы сомасы 25 млрд. теңгеден астам талап өндірілді, ал ағымдағы жылдың басынан бастап – 20 млрд. теңгеден астам.

Сонымен қатар, жиын барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау нәтижелері қаралып, оның қорытындысы бойынша «Атырау облысының орман және жануарлар дүниесін қорғау» КММ-де заңмен реттелмеген көшеттер және кесілген ағашты сату бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактілері анықталған. Оған қоса, Орман кодексінің талаптарын бұза отырып, аталған мекеменің қызметкерлеріне шабындық жер телімдерін алуға ерекше статус берілген: 2016 жылы берілген 192 гектар жердің 120 гектары осы мекеменің қызметкерлеріне ақысыз беріліп келген.

Сондай-ақ кеңес қатысушыларымен біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс, анықталған субъектілер арқылы қоқысты қайта өңдеу бойынша алдын ала орындалмайтын талаптарды орнату атап өтілді, онын нәтижесінде әкімшілік кедергілер түрінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдер пайды болады. Осылайша, жыл сайын пайда болатын 5-6 млн. тонна тұрмыстық-қатты қалдықтардың тек 1,8% қайта өңделеді, ал қалғаны 100 млн. тонна көлеміндегі қалдықтарға қосылып, арнайы полигондарда жиналады.

Кеңестің қорытындысы бойынша Агенттікпен табиғат пайдалану және экология саласындағы мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріндегі (81%)  және  ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі (19%) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді және әкімшілік кедергілерді жою бойынша 37 ұсыным әзірленді.

Нұрлыбек Досыбай,

«Егемен Қазақстан»