Қазақстан • 08 Маусым, 2017

Дәурен Абаев халықпен кездесу өткізеді 

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2017 жылғы 21 маусым күні сағат 11:00-де Ақпарат және ком­му­ни­кациялар министрінің ха­­лыққа есеп беру кездесуі өткі­зіледі.

Дәурен Абаев халықпен кездесу өткізеді 

Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу ту­ралы» Жарлығына сәйкес Дәу­рен Абаев министрлік қызме­тінің нәтижелері, елімізде іске асырылған реформалар, әлеу­меттік-экономикалық даму, ми­нистр­ліктің стратегиялық жос­парының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілу туралы және ми­нистрлікке қарасты салаларды дамытудың міндеттері бойынша хабардар етеді.
Министрге сұрақтар және ұсыныстар болған жағдайда 8 (7172) 740343 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады немесе министрліктің ресми интернет-ресурсы http://www.mic.gov.kz. арқылы Ақпарат және коммуникациялар министрінің блогына бағыттауға болады. Есеп беру кездесуіне қатысу бойынша сұрақтар болған жағдайда 8(7172) 740725, 8(7172) 740745 телефон номерлеріне хабарласу қажет. 
Өтетін орны: Астана қ. Д.Қонаев көшесі, 4, мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залы. Аймақтардан қатысушыларға аймақтар әкімдігінен бейнеконференция қамтамасыз етіледі.

Соңғы жаңалықтар