Хоккей • 10 Тамыз, 2017

Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогіне VIII халықаралық хоккей турнирі өтуде

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Турнир 6-12 тамыз аралығында «Барыс Арена» спорт кешенінде өтуде.

Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогіне VIII халықаралық хоккей турнирі өтуде

Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, «Президент Кубогіне» ойнатылым турнирдің тарихындағы  жаз маусымындағы ең көрнектісі болып табылады.

«Барыс» командасынан бөлек олжаға тағы 5 команда бақталасады: «Авангард» (Омск), «Адмирал» (Владивосток), «Давос» (Швейцария), «Нефтехимик» (Нижнекамск) және «Трактор» (Челябі).

Қазіргі уақытта елордалық «Барыс» командасының қоржынында 1 жеңіліс пен 2 жеңіс бар. Айта кетейік, елордалық команда кеше, 9 тамызда "Авангард" ХК-нан 4:3 есебімен оза түсіп, жеңіске жеткен болатын. Келесі кездесу (ойын) 11 тамызда Челябінің «Трактор» командасымен өтеді. 

Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, ойындар тартысты өтуде, көрермендердің қарасы көп.

Жанкүйерлер үшін арнайы шаттл-бастар ұйымдастырылады.

Жүру орны –«Қазақстан» СК тұрағы;

– «Жастар» сарайының тұрағы ;

– Бөгенбай батыр және Сарыарқа даңғылдарының қиылысы

Машрут жұмыс кестесі – 11 тамыз сағат 18:00 – 18:30.

– 12 тамыз сағат 15:30 – 16:00.

Жеткізу орны   –«Барыс - Арена» СК.

Арнайы шаттлдарда жүру ақысы - 90 теңге, жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз.

Астана қ. жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді.