Қазақстан • 11 Тамыз, 2017

Жыл басынан Астанада жолаушыларды билетсіз жүргізудің 300-ден астам оқиғасы тіркелді

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жол ақысын төлеуде орын алатын бұзушылықтарының барлық жағдайлары Жолаушылар тасымалы басқармасының назарынан тыс қалған емес, әрдайым қатаң бақылауда, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жыл басынан Астанада жолаушыларды билетсіз жүргізудің 300-ден астам оқиғасы тіркелді

«Жолаушылардың жол ақысын төлегені үшін билет бермегені үшін келіп түсетін арыз-шағымдамдардың барлығына біз жедел әрекет етеміз. Кей кездері қызметкеріміз оқиға орнында кондукторлардың билет бермегенін анықтайды. Жыл басынан астаналық жолаушылар тасымалы қызметірің инспекторларымен жолаушыларды билетсіз жүргізудің 300-ден астам оқиғасы тіркелді», - деді «Астана LRT» ЖШС филиалы көліктік бақылау қызметі басшысының орынбасары Гүлден Жүсіпбекова.

Жолаушы жол ақысын төлеген соң билет бермеген жағдайда астаналық жолаушылар тасымалы қызметірің инспекторларымен акт толтырылады.

«Бұзушылықтар туралы бұзушылықтар астаналық автопаркке, Астана қаласының жолаушылар тасымалы қызметіне жолданады. Олар өз кезегінде ҚР ӘҚК-нің 623 бабы бойынша жолаушыны билетсіз жүргізгені үшін тәртіптік жазаға тарта алады», - деді Гүлден Жүсіпбекова.

Жол ақысы үшін билеттер берілмеген жағдайда 574-777 телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз.