Қазақстан • 11 Тамыз, 2017

Астанада Сыр өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12-13 тамыз күндері Астанадағы Қызылорда облысының мәдени күндеріне орай «Қазақстан» спорт кешенінің жанында Сыр өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.

Астанада Сыр өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Суретті түсірген: Бағдат ЕСЖАНОВ

Жәрмеңкеде Астана тұрғындары мен қала қонақтарына Қызылорда облысының 30 шаруа қожалығы 40 түрлі ауыл шаруашылығы – күріш, балық, бақша өнімдерін ұсынады. Жалпы жәрмеңкеге 260 тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімдері әкелінеді.

Сонымен қатар, 12 тамыз күні сырбойылық өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылады. Елорданың орталық паркінде «Сыр самалы» атты концерт өтеді. Бұдан бөлек, 13 тамыз күні «Қазанат» ипподромындағы этноауылда эстрада әншілері, дәстүрлі орындаушылар, сондай-ақ «Томирис» би ансамблі өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 10-14 тамыз күндері Қызылорда облысының мәдени күндері өтуде.