Қазақстан • 11 Тамыз, 2017

Мектеп формаларын белгіленген жерлерден сатып алу туралы мектеп басшылығының тапсырмасы заңсыз

313 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Құқық бұзғандар тәртіптік жазаға тартылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мектеп формаларын белгіленген жерлерден сатып алу туралы мектеп басшылығының тапсырмасы заңсыз

Мектеп директорына бірнеше рет шағым түскен жағдайда оны тәртіптік жазаға тарту мәселесі қаралады.

- Мұның барлығы мектептерде немесе сайттарда жарияланбау керек. Біз қандай болсын, қызығушылықты қорғамауымыз керек. Ата-аналар өздері ыңғайлылығына қарай таңдауы қажет. Бұл дүкен, базар болуы мүмкін, қай жерде, қалай ыңғайлы болады, сол жерден алады, - дейді Астана қаласы білім басқармасы басшысының м.а. Әнуар Жанғозин.

Бұдан бөлек, қалалық білім басқармасы мектеп басшылығын сайтқа эмблеманың электронды нұсқасын салуды міндеттеді. Тиісті хат мектеп директорларына жіберілді: мұның барлығы қандай да бір жеткізуші компанияның мүддесін қорғамау үшін жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, ата-аналарға эмблема тігілген пиджак және жейде алу міндет емес.

- Біз барлық мектептерге эмблемаларын сайтта жариялау үшін хат жолдадық. Енді кез келген ата-ана ол эмблеманы көшіріп алып, қалаған жерінде шығарып, формаға жабыстыра алады. Осы да жеткілікті, - дейді А.Жанғозин

Негізгі мектеп формасына қатысты сұрақтар бойынша телефон: 55-68-53, 55-74-67.

Бұған дейін хабарланғандай, Астананың көк түсті бірыңғай мектеп формасына көшуі бала киімінің ескіруіне қарай кезеңімен көшеді. 1 қыркүйектен бастап қаракөк түсті костюм-шалбармен тек бірінші сынып оқушылары ғана келуі керек. Ұлдар үшін мектеп формасында – пиджак, желетке, шалбар, трикотажды желетке түсі - қара көк, ал көйлек ақ түсті. Суық күндері көйлекті «водолазкаға» ауыстыруға болады. Алайда биыл ата-аналардың сұранысы ескеріліп, барлық киімдерді алудың қажеттілігі жоқ. Ұсынылатын минимум: көйлек, желетке, шалбар. Қыздар үшін минимум: сарафан, блузка,: желетке, блузка және белдемше немесе желетке, блузка, шалбар.