Руханияттың төресі – толыққанды білім

Мемлекет басшысының «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты бағдарламалық мақаласы руханият саласында серпіліс әкелді. Қазіргі кезде рухани жаңғыру аясында әдебиет мәселесіне қатысты, оның ішінде жас қаламгерлердің шығармашылығы төңірегінде өрелі ойлар әлеуметтік желілерде ортаға салынып жатыр. Төменде әдебиет төңірегіндегі бір топ жас қаламгердің пікірлерін ұсынып отырмыз.
Егемен Қазақстан
11.08.2017 1077

Елбасы Н. Назарбаев «Бо­ла­шақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» мақа­ласында: «...Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға аламыз. ...Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет...» деді. Біз осы орайда өзімізге қатысты филология, оның ішінде әдебиет жайын сөз етпекпіз.

Ең алдымен оқулық жа­йын айтпас бұрын, оқу жүйесін аз-кем айталық. Әдебиеттану мамандығы бойынша оқитын студенттер кредиттік жүйеде базалық білімнен гөрі, оқу үлгерімі жақсы болу үшін бір сабаққа ғана жететін екі-үш бет мәтінді оқып келеді. Бұл елу минутта барлық студенттен сабақ сұрап үлгермейтін ұстаз, қысқа ғана қайырып, қорытынды бағаларын сол екі минутта айтқан сөздеріне байланысты қояды. Екіншіден, элективті курстардың ішінде әдебиеттанушы боламын деген студенттерге пайдасы жоқ пәндер бар. Бір пәннің атын сан мәрте өзгертіп, баяғы теорияларды қайталап айту уақыт жоғалтудан басқа не болуы мүмкін? Мысалы, «Нарратология», «Әдебиет поэтикасы», «Әдебиет теориясы» деген үлкен курстық пәндер қам­тылады. «Әдебиет теориясы» сабағында айтылған тақырып­тарды келесі курстарда бір мұға­лім басқа пәндік атаумен қайта­лап отырса, студентке қызық па? Бұл ең алдымен Елбасы айт­қан «толыққанды білім беруге мүм­кіндік жасауға» кедергі емес пе? 

Біздің әдебиеттанудағы элек­тивті курстарға арналған оқу­лықтар жоқ. Елбасы айтып отыр­ған мәселе осы жерден шы­ғады. Әлемдік үздік оқулық­тарды айтпағанның өзінде отан­дық ғалымдарымыздың белгілі бір таңдаулы курсқа арнал­ған бағдарламалары да, оқулық­тары да жоқтың қасы. Сондық­тан сабақ үстінде бірді айтып, бірге кетушілік пен орыс ғалым­дарының еңбегіне сүйену басым болып келеді. Үздік оқулық­тардың ішінде біз ең алды­мен әдебиет теория­сына үлкен өзгеріс әкелген орыс ғалым­дарының еңбегін қазақша аударуы­мыз керек. Одан кейін әлем әдеби сынындағы үлкен сыншылардың ешқайсысы қазақшаға аударылмаған. Жеке­леген бір-екі мақалалары болмаса. Элиот, Паунт, Эко сияқты классиктердің еңбектері қазақша жоқ. «Ағылшын жазушылары әде­биет туралы», «Латын Аме­рика жазушылары әдебиет туралы», «Орыс жазушылары сөз өнері хақында» деген үлкен еңбек­терді орыс әдебиетшілері ауда­рып, құрастырып, жинап қойған. Хронотоп, психологизм мә­селесінде Бахтинге сүйене­міз. Экзистенциализм, постмо­дернизм, постструктурализм мәселесінде Кьеркогорға жүгінеміз. Одан басқа қаншама әдебиеттанудың ғалымдары жеке-дара сала етіп шығарған әдеби ағымдардың кітаптары бар. Осындай фундаментальды еңбектер бізге қашан келеді? Өзіміз қашан жазамыз? Және оны кім аударады деген де үлкен сұрақ? Өйткені қазақша ғылыми еңбектерді оқып отырып, түк түсінбей қаласыз. 

Әдебиет айдыны тек теориямен шектелмейді. Стефан Цвейг, Андре Моруа, Бунин, Набо­ков сияқты көптеген жазушы­лар әде­би портреттер мен эсселер жаз­ды. Бұлар әдебиетта­нушы, әде­биет­ші боламын дей­тін студент­тер­ге оқуға тиіс автор­лардың бірі. Стефан Цвейгтің әдеби пор­трет­терін ақын Оңайгүл Тұржан өте жақ­сы аударған. Толық түсініп, кейіп­кер­дің шығар­машылық әлеміне енгендей боласың. Ал Ан­дре Моруа­ның әдеби портрет­тері оған қарағанда нашар ауда­рылған. Оқығың келген дүниенің бірін түсініп, бірінен сүрінесің. 

Толыққанды білім беру­дің тағы бір тетігі көркем шығар­ма­ларды оқыту. Әрине, ұстаз шәкір­тін қинап оқыта алмайды. Бірақ соңғы шыққан жақсы романдар мен әңгімелерді сабақтан тыс ұсынып отыруға міндетті. Ұсынып жүреді де. Көп жағдайда орыс классикасы мен өзіміздің жазушыларды айтады. Соған қоса әлем жазушыларының да еңбектері болса. Өйткені әлемдік әдебиет көшіне ілесу үшін, ең алдымен сол көшке жету үшін біз оларды да оқуымыз керек. Бұл жерде бір ғана нәрсені айтқымыз келеді. Нобель сыйлығының ие­­гер­­лерін «Мәдени мұра» бағ­дар­­ла­масы бойынша жүз том етіп шы­ғару бір кездері мақсат болды. Ол жүз томдық толық шық­қан жоқ. Оның ішінде жаңа айт­қандай көп романдарды қазақ­ша түсініп оқи алмайсыз. Мә­се­лен Фолькнердің романдары. Кім аударғаны есімде жоқ. Бір білетінім кей романдарды әде­биет­шілер емес, тілшілер аудар­ған. Бұл әдеби мәтінге үлкен кесірін тигізеді. Тікелей аударып, мағынасын жоғалтады. Соңғы жиырма жыл, одан көп болмаса Нобель сыйлығының лауреаттары қазақша аударылған жоқ. Ішінара Шимборскаяның өлеңдері мен Памуктың романы қазақша шықты. Әдебиет­ші­леріміз мықты болу үшін, әде­биетіміз осал болмауы үшін тым болмаса, осы аса беделді сый­лық­тың лауреаттарын қазақшаласақ, үлкен олжа болар еді.
Елбасының ұлттық аударма бюросын құру жөніндегі Үкіметке берген тапсырмасы рухани жаңғыру саласында мемлекет алдында тұрған міндеттер маңыздылығын көрсетеді.

Есболат АЙДАБОСЫН, жазушы:
– Әдебиет қайраткерлерінен гөрі әлеуметтік желі белсенділері күшке мінген заманда жас әдебиетшілердің көбінде шығармашылық бап жоқ. Жағдайы келіспеген соң, өндіріп жазып та жатқаны шамалы. Әрқайсысы бір-екі жинақтан шығарған шығар, бірақ ірі дүниелерге бара қойған жоқ, әдебиеттегі өз сөзін әлі айтқан жоқ. Ал мен жас деп отырған азаматтардың алды қырыққа келді. Олар қашан береді? Төрт құбыламызды түгендеп алайық деп жүргенде уақыт өтіп кетпей ме? Іште жалындап тұрған шығармашылық әлеует сөніп, қоламтаға айналмай ма? 
Осы ретте Елбасының бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» жобасына сәйкес әрбір облыс өз өңірінен шыққан, өз өңіріне сырттан келіп қоныстанған, бүгінде шығармашылық ортада танылып қалған, Астана мен Алматыда баспанасыз жүрген жас дарындарын шақыртсын. Оларға облыс орталықтарынан үй берсін, жұмыспен қамтамасыз етсін. Шығармашылықпен айналысуға жағдай жасасын. 

Бұл шаруаның пайдасы шаш етектен. Бірінші – пайданы әдебиет көреді. Баспана секілді басты мәселесі шешілген қаламгер, шығармашылықпен еркін айналысады. Екіншіден, аймақтардың шығарма­шы­лық әлеуеті көтеріледі. Әрбір облыста қалып­тасқан әдеби ортаға серпін береді, газет-журналдарда қызмет етіп, аймақтық журналистиканың жұмысын жандандырады.

Маралтай РАЙЫМБЕКҰЛЫ, ақын:
– Елбасы Н. Назарбаевтың «Руха­ни жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдар­ламалық мақаласындағы «Туған жер» тақы­рыбы әр адам өз туған жерін құрмет­теуден бастап, соған қызмет қылу, көр­кейту, белгілі бір аймақтан шыққан жас талаптарды қолдау сияқты бірнеше мағыналық реңк бар. 
«Туған жерге туыңды тік» деген аталы сөз де сол мақалада айтылды. Се­мейде Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, Маңғыстауда Светқали Нұржан мен Сабыр Адай, Ақтөбеде Мейірхан Ақ­дәу­лет, Ертай Ашықбаев, Бауыржан Баба­жан­ұлы, Таразда Несіпбек Дәутайұлы, Шым­кентте Мархабат Байғұт сияқты аға­ларымыз сол өңірлердің темірқазығы, ақылшысы болып отыр. Осы кісілердің айналасына топтасқан жастар бар. Олар да өсе келе, өздерінен кейінгі жастарға жол сілтеуші болады. Әр облыс кем дегенде бес үйден берсе, жастар сабылып Астана мен Алматыға ағылмас еді. 

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ, ақын:
– Ұлтты руханияты ұстап тұрады. Ішкі қуаты мен сыртқы келбетін сақтаушысы да – сол. Сондықтан ол көңіл бөлуге тиіс көп са­ланың жәй ғана бірі емес, бірегейі! Біз кезінде ерікті, еріксіз алыстап кеткен өз руха­ни қазығымызға қайта келе жат­қан жұртпыз. «Рухани жаңғыру» соның көрі­нісі. 
Өз идеологиясына пайдалану мақсатында болды десек те Кеңес өкіметі кезіндегі әдебиеттің берген жемісі орасан. Себебі қаламгерлерге жағдай жасалған, шығарылған өнімнің бағасы бар. Жазбаған романының жарты ақшасын алып отбасына беріп қойып, өзі оңашада роман жазып жатқан кісі неге жеміс бермесін? «Түрі ұлттық, мазмұны социалистік» дейтін ұран астында болса да түріне мазмұн сыйдырып жіберген шеберлеріміз де аз болған жоқ. Ондайда «еркін болмай қалады» деген сөзге келісе қоймаймын. «Өлең шіркін, еркін болса болмай ма, Ұйқас, ырғақ құрсауында тұрып та» деп Олжас Сүлейменов жазғандай шын талант қашанда ақиқатпен астасып, шындықпен бітеқайнап жатады. 
Қазіргі жаппай мақтау таланттарды өшіріп жатыр. Бәріне – бір «лаик». Бүгінгі қазақ әдебиетіне асылын асылдай, жасығын жасықтай тас-талқан ғып талдап беретін сыншы керек. Оларға да жағдай жасалынуы керек!

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.08.2017

Станимир Стойлов: «Селтик» екінші таймда бізден мұндай ойынды күтпеді

23.08.2017

Бренден Роджерс: «Астана» камбэк жасауға сәл қалды

22.08.2017

Көне жәдігерлер көмбесі

22.08.2017

Ең таңдаулы 100 оқулық қазақ тіліне аударыла бастады

22.08.2017

Елбасы Өскемен титан-магний комбинатының басшылығын қабылдады

22.08.2017

Еліміздегі  «Тұтынушылардың Ұлттық Одағына» 25 жыл толды

22.08.2017

Қазақ футболына жаны ашып отырған кім?

22.08.2017

Әлем чемпионаты-2017: Мейрамбек Айнағұлов ширек финалға шықты

22.08.2017

Жамбыл облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 3 тұрғын үй пайдалануға беріледі

22.08.2017

Универсиада-2017: Тағы бір зілтеміршіміз чемпион атанды

22.08.2017

Астанада апатты үйлерді сүріп тастау бойынша пилоттық жоба сәтті жүзеге асырылуда

22.08.2017

ОҚО әкімі өңірлік делегациямен бірге ЭКСПО көрмесін аралады

22.08.2017

Елордада тастанды балалар азайды

22.08.2017

Универсиада-2017: Дзюдошы Бекәділ Шаймерденов қола медальға ие болды

22.08.2017

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов алдағы жоспарымен бөлісті

22.08.2017

Грек-рим күресінің палуаны Айнағұлов ширек финалда

22.08.2017

Оңтүстіктен солтүстікке биыл 113 отбасы қоныс аударды

22.08.2017

Тауар экспорттау оңайлай түспек

22.08.2017

Ғылымның сан тарау сүрлеуі

22.08.2017

Астанада Мәскеу күндері басталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Журналистика – мәртебелі мамандық

Кейінгі кездері журналистика тө­ңі­регінде жүйкеге тиерлік жүйесіз сөз кө­бейіп кетті. Аяқ астынан Аме­рика ашуға әуес әлдекімдер әртүрлі «сәуегейлік» әңгімелер айтумен әлек.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Орынсыз сән-салтанатқа орын жоқ

«Үміт еткен көзінің нұры» деп са­найтын қарашығынан, әсіресе жал­ғыз ұлынан қазақ ештеңесін аямай­ды. Барын салып, бәрін шашып еш­к­імге ұқсамайтындай той жасауға ты­рысады.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Адырна неге адыра қалды?

Қазақ халқының көне музыкалық аспаптары туралы айтатын болсақ, ол ешбір халықтың құндылығына ұқсамайтын, өз алдына бөлек шал­қыған жеке бір шалқар айдын-ау. Тауқымет шеккен тағдырлар секілді тарих толқынында бұлардың бірі мүлде жоғалса, енді біразы әлі де қайта өңдеп, жетілдіре түсуді, терең зерттеу мен талдауды қажет ететінін уақыт-төреші дәлелдеп бағуда.  

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Үй мен күйдің үйлесімі

Қоғамның әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық дамуының алғышарты ретін­де адамдардың әл-ауқаты мен денсау­лы­ғының сапасын салыстыра отырып бағалау үрдісі әлемде алғаш рет 1974 жылы Канаданың денсаулық сақтау министрі Марк Лэйлондтың ресми баяндамасында айтылыпты. Бірақ, дәл қазіргі жағдайда бұл түсінік түбегейлі өзгеріп келеді...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Қызметтегі мәдениет мәйегі

Патшаның барымтасына, кеңес­тік кезеңнің күнде қырық құбылған қулығына бой алдырмай, тұнық ойына дақ түсірмей өткен нағыз ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Тірі бол­­сам, қазаққа қызмет қылмай қой­май­мын. Ұлтына, жұртына қызмет ету − білімнен емес, мінезден», деп еді. Шы­нында, ол кезде білім кем, мінез мық­ты еді. Қазір білім ұшан-теңіз, бі­рақ ұлттық мінез олқы, ала-құла, тіл мү­кіс, намыс пен ар ақшаға тәуелді болып барады.

Пікірлер(0)

Пікір қосу