Қазақстан • 11 Тамыз, 2017

Орталық коммуникациялар қызметіне жаңа басшы келді

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Анастасия Щегорцова Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы болып тағайындалды.

Орталық коммуникациялар қызметіне жаңа басшы келді

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ ұжымына Анастасия Щегорцованы таныстырды.

Анастасия Щегорцова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану факультетін (2003) бітірген, әлеуметтану магистрі дәрежесі бар. Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Тіл комитетінде, Астана қаласы әкімдігінде әртүрлі лауазымда қызмет атқарған. 

Еске сала кетсек, Орталық коммуникациялар қызметінің бұрынғы директоры Артур Нығметов шетелде білімін шыңдайтынын мәлім еткен болатын.