Аймақтар • 11 Тамыз, 2017

Ақтөбе – «Нұрлы жердің» басты үйлестіруші буыны

312 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминнің Ақтөбе облысындағы жұмыс сапары одан әрі жалғасты. Бүгінгі күн негізінен мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестік» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген «Нұрлы жер» тұрғын-үй бағдарламасының өңірде қалай жүзеге асып келе жатқанына арналды.

Ақтөбе – «Нұрлы жердің» басты үйлестіруші буыны

Вице-премьер осы орайда Ақтөбеде Президенттің тапсырмасына сәйкес барлық шаралар алынғанына көз жеткізді. Қазіргі күні «Нұр Ақтөбе» тұрғын-үй аумағындағы құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Сондай-ақ, қанат қақты жоба бірініші кезекте құрылыс сапасына айырықша мән берілуімен ерекшеленетінін атап айтқан жөн. Тұтастай алғанда облыс орталығының шағын аудандарында 2017-2018 жылдары 423 аз қабатты жеке тұрғын-үй құрылыстары бой көтермек. Оның негізгі бөлігі биылғы жылдың еншісіне тиеді. Биыл бағдарламаға сәйкес мыңнан астам отбасы тұрғын-үй жағдайларын жақсартады деп күтілуде.

Өңірдегі «Нұрлы жер» тұрғын-үй бағдарламасының тағы бір басты өзгешелігі әлемдік нормативтерге сәйкес келетін «Таун хаус» үлгісіндегі 3-4 қабатты үйлер екенін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың аузынан естігенде Асқар Маминнің жүзінен ризашылық сезімі айқын байқалды.

Премьер-министрдің бірініші орынбасары Асқар Маминнің көкейінде жеке тұрғын-үй құрылысын салу үшін өңірде қанша адам кезекте тұрғандығы жөніндегі сауал тұрған екен. Олардың саны 130 000 болып шықты. Оның негізігі бөлігі Ақтөбе қаласының тұрғындары. Бұл санаттағы азаматтырдың басым бөліктері тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінде тиісті қаражаттарын жинақтаған. Дені өздерінің төлем қабілеттілігін айқындап, әрі дәлелдеп үлгерегн. Біздің мақсатымыз –құрылысты тез, әрі сапалы анықтап, тұрғын-үй кезегінде тұрғандардың қолдарына тигізу деп мәлімдеді облыс басшысы Бердібек Сапарбаев премьер-министрдің бірініші орынбасары Асқар Маминге.

Бұған мүмкіндіктерің жете ме деген сауалға да толықанды жауап қайтарылды. Бүгінгі күні бұл іске өңірдегі 130-дан астам құрылыс компаниялары мен құрылыс индустриясы кәсіпорындары бір кісідей жұмылған. Материалдың 80пайызы жергідікті жерде өндірілітені де құрылыстың өзіндік құнын төмендете түсері анық. Облыста тұрғын-үй құрылысын салумен қатар, ел-жұртқа қажетті инфрақұрылымдық жүйелер де құлашын кеңге жая түсуде. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғызылған жеке тұрғын-үйлер аумағында 1200 орындық орта мектеп пен балалар бақшасы және тәулігіне 300 адамды қамти алатын емхана құрылыстары мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында бой көтермек. Жұмыс бабындағы сапары барысында премьер-министрдің бірініші орынбасары «Нұрлы жер» тұрғын-үй бағдарламасы аясында құрылысы аяқталған үйлерді аралап көріп, оның сапасына, сыртқы және ішкі интерьеріне оң баға берді.

Бұдан кейінгі кезекте ол осы арада өндірістік жиналыс өткізіп, Ақтөбе өңірінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тындырылып жатқан саналуан істер бүкіл республика өңірлеріне үлгі, өнеге және модель бола алатынына екпін түсірді. Әсіресе мұндағы сапа мен қолжетімді бағаның үйлесімділігіне ешқандай баға жетпейді деп атап көрсетті премьер-министрдің бірініші орынбасары Асқар Мамин.

Жоғарыда айтылған өндірісітік жиналысқа еліміздің барлық облыстарындағы облыс әкімдерінің құрылыс мәселелерін қадағалайтын орынбасарлары қатысқан еді. Олар Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысты жүзеге асып жатқан тың әрі соны жобалардан тиісті ой түйіп қайтқандарына күмән келтіре алмаймыз. Сондай-ақ осы басқосу кезінде облыстағы «Нұрлы жер» бағлардамаының іске асуына үй құрылысы комбинатының технологиясы үлкен көмегін тигізгені атап өтілді. Бұған тағы бір қосарымыз аталмыш жиналыста Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражаттарды игеру баяу екені де аталып өтті.

Бір сөзбен айтқанда Ақтөбе облысындағы екі күндік жұмыс сапарымен болғанда премьер-министрдің бірініші орынбасары Асқар Маминнің тұжырымы нақты әрі қысқа түрде көрініс тапты. Яғни, оның ойынша қазіргі кезде Ақтөбе –«Нұрлы жердің» республика облыстары арасындағы басты үйлестіруші буыны болып отыр.

Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар