Қазақстан • 11 Тамыз, 2017

Елімізде бірыңғай анықтама нөмірі іске қосылады

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда келер жылдан бастап бірыңғай анықтама нөмірі енгізіледі. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізде бірыңғай анықтама нөмірі іске қосылады

«Ең бастысы халыққа телефонның алдында отырып, Бас прокуратураның, Ішкі істер істер министрлігінің сенім телефоны қандай еді деп отыру қажет емес қой. Оларға, елге 1414 деген бір телефон нөмірі ғана керек. Біз қазір соған барлық сенім телефондарын жинақтап жатырмыз. Мәселен, 1414 нөміріне қоңырау шалсаңыз, сол жерде отырған оператор сіздің сұрағыңызды білгеннен кейін Бас прокуратура, ІІМ, Денсаулық сақтау министрлігі, Білім министрлігі болсын, солардың Сall-орталығына береді. Адамдардың ойында 1414 деген бір ғана нөмір болуы тиіс. Біз қазір бұл жұмысты жүргізіп жатырмыз. Осы жылдың соңына дейін бір нәтижесі болып қалар. Келесі жылдан бастап бір телефон нөміріне көшеміз деп ойлаймын. Сенім бар»,- деді министр бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының жұмысын БАҚ өкілдеріне таныстыруға арналған шарада.