«Нұрлы жер» еліміздің құрылыс саласын дамытуға жаңа серпін береді – Б.Байбек

Бүгін Алматыда Құрылысшы күніне арналған салтанатты шара өтті. Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде қаланың ІӨӨ құрылыс секторының үлесі 262 млрд. теңгені құрағанын атап өтті. Тек өткен жылдың өзінде ғана 1,9 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, 2015 жылмен салыстырғанда 35%-ға көп.
Егемен Қазақстан
11.08.2017 142

«Құрылысшы мамандығы барлық кезеңде үлкен абырой мен құрметке ие.Сіздер тек қана үй, инфрақұрылым нысандарын салумен шектелмейсіздер. Қалаларға архитектуралық келбет беретін де,экономиканы дамытатын да Сіздер. Құрылысшылардың арқасында өмір сапалық жағынан оң сипатқа ие болып, азаматтардың тұрмыс жағдайлары жақсарады. Өздеріңіз білесіздер, Елбасының тапсырмасы бойынша биылғы жылдан бастап «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру басталады.Оның басты мақсаты- таяудағы 15 жыл ішінде 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бағдарламаға тұрғын үй нарығын қолдаудың кешенді шаралары енгізілген.Бұл, сөз жоқ, еліміздің құрылыс саласын дамытуға жаңа серпін береді. Біздің негізгі міндетіміз - алматылықтардың тұрғын үй мәселесін шешу. «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 73 үй салынуда, оның 24-інің құрылысы биылғы жылы аяқталады», - деп атап өтті Б.Байбек.

Қала басшысы 2015 жылдан бастап құрылыс саласына құйылған инвестиция көлемінің 17%-ға артқанын айтты. Тек биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында құрылыс саласына 235 млрд. теңге инвестиция бөлінген.

Бүгінгі күні Алматыда тұрғын үй және азаматтық бағыттағы 1140 объектінің құрылысы жүріп жатыр бұлардың ішінде 762 құрылыс жеке инвестиция арқылы, ал 378 нысан бюджет арқылы қаржыландырылуда.Мемлекеттік бағдарламалар аясында 2016-2017 жылдары әкімдік тарапынан 1040 пәтерлі 19 тұрғын үй салынды. «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша биыл«Саялы», «Жас Қанат» ықшам аудандарында тағы 17 тұрғын үйді іске қосу жоспарланған. «Ескі үйлерді сүру» қалалық бағдарламасы бойынша 3 жаңа үй салынып, ескі үйлердің тұрғындары жаңа қонысқа көшірілді. Бүгінгі күні заманауи ықшам ауданға айналған Атлеттер ауылынан 1748 отбасы пәтер алды. Наурызбай ауданында соңғы жылдары құрылыс кең қанат жаюда.

Биылғы жылы білім беру жүйесінің 42 нысанының құрылысын салу және сейсмикалық қуатын нығайту қарастырылған. Оның 29 объектісі биыл іске қосылады. Денсаулық сақтау саласының 18 обьектісі салынуда және жөнделуде. Жыл аяғына дейін 10 нысан пайдалануға беріледі.

Қала тұрғындары мен қонақтарына барынша қолайлы әрі жайлы жағдай жасау және экологияны жақсарту үшін Жібек жолы, Панфилов, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен «Астана» алаңында ауқымды абаттандыру жұмыстары жүзеге асып, қайта жаңғыру жұмыстары жүруде. Бұл көшелер жаяу жүргіншіге басымдық беру мақсатында қайта жасалуда, мұнда демалуға қолайлы қоғамдық кеңістіктер, жаяу жүргінші аймақтары, веложолдар, жасыл желектер пайда болады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.08.2017

Станимир Стойлов: «Селтик» екінші таймда бізден мұндай ойынды күтпеді

23.08.2017

Бренден Роджерс: «Астана» камбэк жасауға сәл қалды

22.08.2017

Көне жәдігерлер көмбесі

22.08.2017

Ең таңдаулы 100 оқулық қазақ тіліне аударыла бастады

22.08.2017

Елбасы Өскемен титан-магний комбинатының басшылығын қабылдады

22.08.2017

Еліміздегі  «Тұтынушылардың Ұлттық Одағына» 25 жыл толды

22.08.2017

Қазақ футболына жаны ашып отырған кім?

22.08.2017

Әлем чемпионаты-2017: Мейрамбек Айнағұлов ширек финалға шықты

22.08.2017

Жамбыл облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 3 тұрғын үй пайдалануға беріледі

22.08.2017

Универсиада-2017: Тағы бір зілтеміршіміз чемпион атанды

22.08.2017

Астанада апатты үйлерді сүріп тастау бойынша пилоттық жоба сәтті жүзеге асырылуда

22.08.2017

ОҚО әкімі өңірлік делегациямен бірге ЭКСПО көрмесін аралады

22.08.2017

Елордада тастанды балалар азайды

22.08.2017

Универсиада-2017: Дзюдошы Бекәділ Шаймерденов қола медальға ие болды

22.08.2017

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов алдағы жоспарымен бөлісті

22.08.2017

Грек-рим күресінің палуаны Айнағұлов ширек финалда

22.08.2017

Оңтүстіктен солтүстікке биыл 113 отбасы қоныс аударды

22.08.2017

Тауар экспорттау оңайлай түспек

22.08.2017

Ғылымның сан тарау сүрлеуі

22.08.2017

Астанада Мәскеу күндері басталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Журналистика – мәртебелі мамандық

Кейінгі кездері журналистика тө­ңі­регінде жүйкеге тиерлік жүйесіз сөз кө­бейіп кетті. Аяқ астынан Аме­рика ашуға әуес әлдекімдер әртүрлі «сәуегейлік» әңгімелер айтумен әлек.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Орынсыз сән-салтанатқа орын жоқ

«Үміт еткен көзінің нұры» деп са­найтын қарашығынан, әсіресе жал­ғыз ұлынан қазақ ештеңесін аямай­ды. Барын салып, бәрін шашып еш­к­імге ұқсамайтындай той жасауға ты­рысады.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Адырна неге адыра қалды?

Қазақ халқының көне музыкалық аспаптары туралы айтатын болсақ, ол ешбір халықтың құндылығына ұқсамайтын, өз алдына бөлек шал­қыған жеке бір шалқар айдын-ау. Тауқымет шеккен тағдырлар секілді тарих толқынында бұлардың бірі мүлде жоғалса, енді біразы әлі де қайта өңдеп, жетілдіре түсуді, терең зерттеу мен талдауды қажет ететінін уақыт-төреші дәлелдеп бағуда.  

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Үй мен күйдің үйлесімі

Қоғамның әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық дамуының алғышарты ретін­де адамдардың әл-ауқаты мен денсау­лы­ғының сапасын салыстыра отырып бағалау үрдісі әлемде алғаш рет 1974 жылы Канаданың денсаулық сақтау министрі Марк Лэйлондтың ресми баяндамасында айтылыпты. Бірақ, дәл қазіргі жағдайда бұл түсінік түбегейлі өзгеріп келеді...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Қызметтегі мәдениет мәйегі

Патшаның барымтасына, кеңес­тік кезеңнің күнде қырық құбылған қулығына бой алдырмай, тұнық ойына дақ түсірмей өткен нағыз ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Тірі бол­­сам, қазаққа қызмет қылмай қой­май­мын. Ұлтына, жұртына қызмет ету − білімнен емес, мінезден», деп еді. Шы­нында, ол кезде білім кем, мінез мық­ты еді. Қазір білім ұшан-теңіз, бі­рақ ұлттық мінез олқы, ала-құла, тіл мү­кіс, намыс пен ар ақшаға тәуелді болып барады.

Пікірлер(0)

Пікір қосу