Қазақстан • 11 Тамыз, 2017

Алматыда Мемлекеттік кірістер департаментінің екі қызметкері қамауға алынды

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері алаяқтық әрекеті үшін сотталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда Мемлекеттік кірістер департаментінің екі қызметкері қамауға алынды

Іс материалдарына сәйкес, Бостандық ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері Е.Назаров басқарманың бұрынғы қызметкері Б.Конусовпен сыбайласа отырып 10 млн теңге көлемінде алаяқтық жасады. Күдікті қызметтік лауазымын асыра пайдаланған.

8 тамызда ҚР ҚК-нің 128-бабына сәйкес екі күдіктіні департаменттің ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ұстады. Алмалы аудандық соты Е.Назаров пен Б.Конусовты 2 айға қамауға алды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

 

Соңғы жаңалықтар