Аққулы ауылында «Менің жолым – Абай жолы» мерекесі өтті

Лебяжі ауданының орталығы Аққулы ауылында Абай атамыздың туған күніне орайлас, Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында жарияланған идеялардың аясында өткен бұл шараға биыл 70-жылдығын атап өткен ғалым, абайтанушы Ғарифолла Есім, басқа да  қоғам қайраткерлері қатысып, зиялы қауым, аудан жұртшылығы жиналды.
Егемен Қазақстан
11.08.2017 602

Қонақтар Абай ескерткішінің жанында аудандық Абай оқуларының жеңімпаздарын марапаттап, ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Аудандық мәдениет үйінде Ғарифолла Есімнің 70 жылдығына арналған концерт өтті. Шараға қатысқан облыс әкімі Болат Бақауов мерейтой иесіне «Алтын барыс» төс белгісін табыстап, Елбасының құттықтау жеделхатын оқып берді. Ғалымның ұлы Қазбек болса, қазір Аққулы ауылында тұрып, қызмет етуде. Ата-бабасы қоныс еткен, әкесі  Ғарифолла туып-өскен Лебяжі  ауданында, ауылда ұрпақ жолын жалғастыруда.

Концерттен кейін қонақтар, жұртшылық этноауылды аралап көрді. Аққулықтар қарсы алған қонақтардың ішінде АҚШ-тан келген Висконсин университетінің профессоры Гэри Киркинг, «Wisconsin Farm Bureau» ауыл шаруашылығы кооперативінің басшысы Дэйл Бити және Верона қаласының мэрі Джон Хочкаммер де болды. Висконсин штатынан келген америкалық қонақтар облыс кәсіпкерлеріне семинар өткізуде.

- Мен Қазақстанға осымен бесінші рет келіп отырмын, - деді  Висконсин университетінің профессоры Гэри Киркинг. - Абай ұлы ақын, ойшыл ретінде естіп білдік. Мерекенің куәсі болғаныма өте қуаныштымын.

Бұдан кейін бәйге өткізілді.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.10.2017

Әліпби ауыстыру – рухани дамуға септігін тигізеді

23.10.2017

Тұран-Астана университетінің ректоры: Құтты қадамды құптаймыз

23.10.2017

Батыл қадамдарға бару қажет

23.10.2017

Петропавлда латын қарпіне көшу аясында конференция өтті

23.10.2017

Қаржы жүйесіндегі тарихи шешім

23.10.2017

Онлайндағы жұңғо жұрты

23.10.2017

Италияның екі облысында автономия үшін сайлау өтті

23.10.2017

Шаруалар астықтарын элеваторларға өткізе алмай жатыр

23.10.2017

Алматы облысында қос алыптың ескерткіштері ашылды

23.10.2017

100 жаңа оқулық: келелі жоба шешімін табуда

23.10.2017

Тұрсынбек Кәкішев – қазақтың қара нары

22.10.2017

«Ордабасы» «Астананы» жеңді

22.10.2017

Владимир Путин Қазақстанмен әріптестіктің биік белесін атап өтті

22.10.2017

Словенияда президент сайлауы өтіп жатыр

22.10.2017

Жапонияда бүгін парламент сайлауы

22.10.2017

Ұлттарды ұйыстырған дәстүрлі байқау

22.10.2017

Жақияновпен жекпе-жектен соң Барнетт ауруханаға түсіп қалды

22.10.2017

Қаламгер Зейнолла Сәніктің шығармашылығына арналған конференция өтті

22.10.2017

Студенттерге арналған «Ұлы дала жастары» жобасы іске қосылды

22.10.2017

Қостанайда полицейлер көкпар тартты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қаржы жүйесіндегі тарихи шешім

Алпауыт ел Америка Құрама Штат­тары­ның экономикасы қазіргі кезде өз жарасын өзі жалап жазатын көк­жал қасқырға ұқсайды. Ол өзінің осы қасиетінің арқасында жазылмастай сыр­қатқа шалдыққан қазіргі қаржы ка­питализмнің ғұмырын барынша ұзартып келеді. Бүгінгі күні бүкіл әлемге билігін жүргізіп отырған ка­пи­тализмнің басты тірегі бастапқы кезде осы формациялық құрылыс­тың отаны әрі таратушысы болға­нымен соңғы жылдары барынша әлеу­меттене бастаған Еуропа емес, нарық­тық жолға түсіп, жедел байып келе жатқанымен Конфуций қағидасы бойынша мемлекетті әке деп қабыл­дап, бүкіл халық үшін одан әкелік қам­қорлық талап ететін дана Қытай емес, корпоративтік рухты ту етіп көтерген еңбекшіл Жапония мен Оңтүстік-Шығыс Азияның елдері емес, нақ осы АҚШ-тың өзі болып отырғандығын біраз жұрт жақсы біледі.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Онлайндағы жұңғо жұрты

Қытай. Жан-жақтан ағылған адамдар мен көлік ағысы толас­тар емес. Бағдаршамның қызыл шамына тоқтаған көлікте отырып, жан-жағыңды бағдарлайсың. Сіз отырған көлікке жапсарласа, бірінен соң бірі жапырлап велосипед мінген жолаушылар сы­наласып тоқтап жатыр. Ал жол жүруге рұқсат берілгенде бей­не құмырс­қалар тəрізді өре жөнелген қос дөңгелекті көлік­ке отыр­ған­дардың шеруін көр­гендейсіз. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Кімді тұлға тұтамыз?

Баяғының жастарына «Мен өмір­ден өзімді іздеп жүрмін» деп сөйлеу тән болатын... Жақында Америкада оқып жүрген қазақ­стандық жас өреннің пікірін тыңдап көруге тура келді.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Дауыл алдындағы тыныштық болып жүрмесін

Төрткүл дүниені тығырыққа тіреген 2008 жылғы жаһандық қаржы дағдарысы мен 2009 жылғы «ұлы рецессиядан» енді ғана оңала бастаған әлем экономикасы 2016 жылдан бастап баяу да болса тұрақты даму бағытына бет бұрды.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Шексіз білім

«Білім шексіз бе, әлде білімнің шегі бар ма?» деген сұраққа жа­­уап­ іздеп жүріп, Оксфорд уни­вер­ситетінің профессоры, матема­тик Мар­кус дю Сотойдың «Біз нені біле алмаймыз: білім шегіне сая­хат» («What we cannot know») ат­ты кітабын сатып алдым. Про­фес­сор бұл кітабында нөлден бас­­­тап жетіге дейінгі межені бел­гілейді. Нөлінші межені «Белгілі, бірақ белгісіз» әлде «Белгілі, бірақ бей­мәлім» деген дұрысырақ па?­ Біз біле­тін нәрседен бастап еш­қашан біле алмайтынға, ал одан шек­сіздікке дейінгіні тұспалдайды. Біз нені білмейміз және нені біле ал­маймыз? 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу