Алматы облысы мен Тичино кантонының арасындағы байланыс жанданады

Бүгін «Астана ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі аясында Алматы облысы мен Швейцарияның Тичино кантонының арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Жетісу өңірі әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Егемен Қазақстан
11.08.2017 669

Алматы облысының əкімі Амандық Баталов пен Тичино кантонының экономика жəне қаржы министрі К.Витте қол қойған құжат екі жақты байланыстардың жаңа белесіне жол ашады деп күтілуде.

Еліміздің Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше жəне Өкілетті елшісі Жанар Айтжанова, Швейцария Конфедерациясының президенті Дорис Лёйтхардтың жəне басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен өткен Меморандумға қол қою рəсімінде облыс басшысы А. Баталов Жетісу өңірінің инвестициялық мүмкіндіктеріне қысқаша тоқталып өтті.

- Алматы облысы мен Тичино кантоны климаты жағынан да, табиғаты жағынан да ұқсас. Бір-бірімізді толықтыратын, үйренетін ортақ дүниелер баршылық. Туризмді дамытуда, ауыл шаруашылығына, өңдеу өнеркəсібіне жаңа технологиялар тартуда, жасыл энергетиканы енгізуде Швейцариядан үйренеріміз көп. Мəселен, Алматы облысында тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін ірі кəсіпорын жоқ. Осы жағынан да əріптестік байланыс мүмкіндіктерін қарастыруды жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта тəжірибе алмасу мен екі тарап кəсіпкерлерінің арасында жанды байланыс орнатудың игілігін тұрғындар көреді деп ойлаймын, - дей келе А. Баталов тичинолық делегацияны Жетісу өңіріне арнайы шақырды.

Тичино кантонының экономика жəне қаржы министрі К. Витте өз сөзінде меморандумның заңды жалғасы ретінде нақты жобалар жүзеге асырылып, ортақ нəтижеге қол жеткізілетініне сенім білдірді.

Шара соңында А. Баталов швейцариялық қонақтарға облыстың барлық тарихи орындары айқын көрсетілген қолдан əзірленген картасын жəне Жетісу өңірі туралы кітапты сыйға тартты.

Жалпы Қазақстан мен Швейцария арасындағы əріптестік қарым-қатынастың орнағанына биыл 25 жыл толып отыр. Меморандумға қол қою рәсімі осы айтулы дата қарсаңында ЭКСПО  көрмесінде өткен Швейцарияның Ұлттық күні аясында болды.

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.01.2018

Қ.Тоқаев Елбасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі сөзі туралы пікір білдірді

19.01.2018

ОҚО тұрғындары салымдарының басым бөлігін ұлттық валютада сақтауда

19.01.2018

Ақтөбедегі автобус апатынан қаза болғандардың толық тізімі жарияланды

19.01.2018

Нұрлан Ноғаев: Шақырылған дәрігерлерге қолайлы жағдай жасауымыз керек

19.01.2018

Маңғыстаулық ұстаздар баспаналы болды

19.01.2018

Алматыда бастауыш сынып оқушылары арасында футболдан чемпионат өтті

19.01.2018

Маңызды мүмкіндіктер

19.01.2018

Шаттық Батан шығармалары шашқан шуақ

19.01.2018

Атаның ақылы

19.01.2018

Айгүл Үсен. Балдырған рухани сүйенішке мұқтаж

19.01.2018

Жүсіпбек Қорғасбек. Балалар әдебиетінің кейіпкері мен идеясы

19.01.2018

Бекен Ыбырайым. Виртуалды кеңістік тұтқыны немесе ұрпақты өз діліне қалай қайтарамыз?

19.01.2018

Өмірсүйгіштікке тәрбиелеп жүрміз бе?

19.01.2018

Сөз еркіндігі және балама пікірге төзімділік

19.01.2018

Электронды пішімдегі квота диқанның көңілін көншіте алды ма?

19.01.2018

Еуразияның болашақ «қаржы қақпасы»

19.01.2018

Ғажайып жаңалықтар

19.01.2018

«Тәуелсіздік дәуірі»: түйін және болашаққа көзқарас

19.01.2018

Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының мәлімдемесі

19.01.2018

Елбасы Goldman Sachs басшысымен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Дархан ӨМІРБЕК, «Егемен Қазақстан»

Сөз еркіндігі және балама пікірге төзімділік

АҚШ-та білім алып жүргенімізде екі апта бойы сөз бостандығы абсолют­тік болуы тиіс пе деген тақырыпты тал­қыладық. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ғажайып жаңалықтар

Заманауи экономиканың дамуы адамзатқа орасан зор жаңа мүмкіндіктер ұсынатындығын, соған сай экономиканың кейбір дәстүрлі салаларының түбегейлі өзгеріске түсетінін қазірдің өзінде байқауға болады. Тек бір ғана ауыл шаруашылығын алып қарайықшы.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қайдасың, менің ертегім?!

Алпысыншы жылдардың басында мектеп табалдырығын аттаған біздің толқынның бала қиялын баураған ғажап – қазақтың ертегілері мен батырлар жыры еді-ау. Сол кезде сол бір ғажайыптар әлемінен санамызға сің­ген сансыз суреттер бұл күнде сағындырып, сабырымызды сарқып ішкендей болады. Сондағы небір керемет сиқырларды көруге көңіл ынтығып, көкірек көзі құмартып, құштарлана ашылғандай күйге енеті­німіз бар.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Тажалды тізгіндеудегі байыпты бітімгерлік

Вашингтондағы кездесулер жоғары деңгейде өтті. Әлемнің белді, белгілі ақпарат құралдары да ол туралы жарыса жазуда. Маңызды кездесулердің өзекті тұсы – Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі табанды ұстанымы мен байыпты қызметін жоғары бағалау болды. Бұл іс жүзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бейбітшілікті сақтау мақсатындағы жеке бастамалары мен осы бағыттағы қажырлы қызметіне, әлем­дік деңгейдегі қайраткерлік болмысы­на берілген баға деп пайымдаймыз. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тілді кез келген жаста үйренуге болады

Әлемде қанша тіл болса, адам сол тілдерді үйренуге ұмтыла береді жә­не бұл қызығушылық ешқашан тоқ­тамайды. Әрине кейде бір тіл басқаларына қарағанда маңызды, танымал, оңай, әдемі болып көрі­нуі мүмкін. Дегенмен адамның қы­зығушылығы мен сүйіспеншілігі ой­ға келмеген тілдерді де үйренуге жетелейді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу