Қаражал мен Жәйрем елді мекендерінде ауыз су мәселесі екі жылда шешіледі

Қаражал мен Жәйрем елді мекендерінің ауыз суға қатысты күрмеулі мәселелері алдағы екі жылдың ішінде шешімін таппақ. Бұл жайлы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінің тұрғындарымен өткен актив барысында мәлімдеді. Аймақ басшысының орынбасары облыс әкімі және жергілікті тұрғындар алдында алдағы жұмыс жоспарлары жайлы есеп берді, деп хабарлайды өңір әкімдігінің ресми сайты. 
Егемен Қазақстан
12.08.2017 604

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов 9 тамызда Қаражал қаласы және Жәйрем кентіне жұмыс сапарымен барып қайтқан болатын. Бұл елді мекендердің басты проблемасы ауыз судың тапшылығымен байланысты. Алайда жиынға бас қосқан ақсақалдар тек бұл мәселемен қоса басқа да қиындықтарға қатысты шағымдарын жеткізді. Олар онсыз да тапшы ауыз сумен бақшадағы көкөніс, жемістерін суару тіршілік нәрін қорлаумен бірдей деді. Қаражал мен Жәйрем тұрғындары облыс басшылығын шаруашылық қажеттіліктерге керекті техникалық суды жеткізу мәселесін шешіп беруді өтінді. 

Бүгінгі таңда Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінде жалпы есептегенде 18 мыңға жуық адам тұрады. Тұрғындарға ауыз су Ащылы және Тұзкөл кен орындарының жер асты суынан тартылады. Алайда су құбырлары тым ескі, бұл негізгі проблема. Осыған дейін тұрғындарға ауыз су кесте бойынша аптасына екі рет, тәулігіне 1,5 сағаттан көп емес уақыт аралағында жіберілетін. Су сорғысын жөндеуден өткізген соң су тарату уақыты Қаражал қаласының тұрғындары үшін тәулігіне 12 сағатқа дейін, ал жәйремдіктерге 13 сағатқа ұзартылды. 

2007 жылы құрылысы басталған Тұзкөл су бөгеті осы күнге дейін іске қосылмаған. Жөндеу, орнату жұмыстары 2012-ші жылдың қарашасында аяқталған, алайда гидравликалық зерттемелер жүргізілгенде су таратқышта жарылыстар анықталған.  Ауыз су тапшылығын толықтай шешу үшін Қарағанды облыстық әкімдігі «КазЦинк» АҚ-мен 15 шақырым пластик құбырлар беру туралы келісім жасаған. Сонымен қатар биылғы жылы Аймақтарды дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Жәйрем кентінде жалпы сомасы 900 млн теңгені құрайтын су құбырларын жөндеу жұмыстары басталған. Ол жұмыстар 2018-ші жылы аяқталуы тиіс, деп мәлімдеді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа.

Сондай-ақ жоспарда «Қаражал-Жәйрем» су таратқышын қайта қалыпқа келтіру тұр. Бұл жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылуы үшін жария етілген. Алайда оны осы жылдан бастап кету көзделіп отыр. Нәтижесінде 2020-шы жылға қарай Қаражал және Жәйрем елді мекендерінде сумен қамту сапалы, әрі толыққанды болуы тиіс.

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.01.2018

Астанада заманауи балабақша ашылды

17.01.2018

Мәскеуде Қазақстанның жаңа консулы тағайындалды

17.01.2018

Тайландта босанған ана санавиациямен елге жеткізілді

17.01.2018

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың кездесуі әлемдік БАҚ назарында

17.01.2018

Асқар Жұмағалиев «Қорғас-Шығыс қақпасы» аймағының жұмысымен танысты

17.01.2018

Құлсарыда жылыжай  ашылды

17.01.2018

Қ.Тоқаев Елбасының АҚШ сапары туралы пікір білдірді

17.01.2018

Президенттің АҚШ-қа сапары. Стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі

17.01.2018

АҚШ-та Қазақстан әдебиеті мен мәдениет орталығы ашылады

17.01.2018

Аяз мүйізді, мүйіз тұқылды қалай қысады?..

17.01.2018

Түлкиевтің туындысы

17.01.2018

Атырауда көкпар тартушылар көбейді

17.01.2018

Абайдың алғашқы кітабы

17.01.2018

Сыр өңірінде жаңа аурухана ашылды

17.01.2018

Алматыда ауған соғысының ардагері Борис Керімбаевтың мерейтойы атап өтілді

17.01.2018

Жарасбайдың жаналғышы

17.01.2018

Аққу кеткен...

17.01.2018

Парасат пен пайымды ту еткен ғалым. Немесе инженер Тұрлыбек Ысқақов туралы

17.01.2018

«Абыз» ұғымының аясы кең

17.01.2018

Еңбегін еліне арнаған

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тілді кез келген жаста үйренуге болады

Әлемде қанша тіл болса, адам сол тілдерді үйренуге ұмтыла береді жә­не бұл қызығушылық ешқашан тоқ­тамайды. Әрине кейде бір тіл басқаларына қарағанда маңызды, танымал, оңай, әдемі болып көрі­нуі мүмкін. Дегенмен адамның қы­зығушылығы мен сүйіспеншілігі ой­ға келмеген тілдерді де үйренуге жетелейді.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Дамудың даңғыл жолы

Елімізде жүргізіліп жатқан ірі реформалар нәтижесі қазір өз жемісін бе­руде. Қолға алынған зор мін­дет­тер­дің негізгі мәні – Қазақ­стан­ның жан-жақты дамуы, көр­кеюі болатын. Сондықтан бұл реформалар аяқ астынан пайда бола қойған жоқ. За­ман­ның дидары ө+згеруіне орай, мем­лекеттік салалардың жүгі де, ісі де өзгеруі тиіс еді.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Рухсыздық – оқымаудан, тыңдамаудан

Құдірет адамзатты керемет хикметпен, ілтипатпен, мейірбандықпен, көркемдік сұлулығымен қызықтырып, сыңғырлатып жаратқаны мәлім. Ойлау мен қарекет жасау үшін жаралған адамның тұлғасы, таратыңқырап айтқанда, оның қолынан, қиялынан, білімдарлығынан шыққан сәулет, сурет, мүсін, қолөнер, музыка, сөз өнерінің таңғажайып жәдігерлері, телегей-теңіз шынайы жан сырлары, ғылыми-шығар­машылық ғаламат жетістіктері өлшеусіз ғой. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Ұжымдық ұстаным

Ұжымдық рух ұлы жеңістерге қол жеткізеді. Қазақ айтады: «Үш адамның басы қосылса – қауым». Қауым­дасқаннан бері адамзат сан түрлі қоғамдық құрылысты өт­кер­ді. Ал қазіргі нарықтық қоғам­ның кілті – табыс. Яғни биік мүдде жолында ұжымдасу және белгілі нәтижеге қол жеткізу.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік бастамалары

Еліміз егемендіктің бастапқы ке­зінде-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздік Қазақстанның сырт­қы саясатының негізгі басым­дық­тарының бірі болатынын төрт­күл дүниеге жария еткен еді. Содан бері еліміз халық­аралық аренада сол бағытты берік ұстанып, оны бел­сенді түрде жүзеге асырып келеді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу