Футбол • 12 Тамыз, 2017

«Ақтөбе» командасына айыппұл салынды

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бақылау-тәртіптік комитетінің отырысында «Ақтөбе» футбол клубы жанкүйерлерінің көрсеткен өрескел мінез-құлықтары қаралды, деп хабарлады sports.kz.

«Ақтөбе» командасына айыппұл салынды

Премьер-лига клубтарының арасындағы ҚР чемпионатының XXII турының футбол матчын өткізу барысында«Ақтөбе» - «Қайрат» командалары арасында жайсыз оқиға болды.

«Ақтөбе» ФК көрермендері қонақ команда атына бейәдеп сөздер айтып, оларды масқаралауға жол берді», делінген хабарламада.

Отырыста ҚФФ ДР 136-бабына сәйкес көрермендер қонақ команданы балағаттап, оларды масқаралауға жол бергені үшін 500 000 теңге көлемінде айыппұл түрінде санкция қолдану шешімі қабылданды. «Ақтөбе» футбол командасы осы әрекетті қайталайтын болса, оларға «көрерменсіз матч өткізу» санкциясын қолданады.

«ҚФФ төрешілік және инспекциялау департаменті осы матчтың инспекторын хаттамада көрермендер жіберген өрескел заңбұзушылықты көрсетпегені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартсын», делінген БТК шешімінде.