Әлем • 12 Тамыз, 2017

Әзербайжанда «Теңіз кубогы-2017» жарысы аяқталды

160 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Әзербайжан астанасы Бакуде Халықаралық әскери ойындар аясында «Теңіз кубогы-2017» жарысы аяқталды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

Әзербайжанда «Теңіз кубогы-2017» жарысы аяқталды

«Тұтастай, шара тату көршілік, түсіністік аясында өтті. Бұл жарыс өзара іс-қимылға, ынтымақтастыққа, достыққа бағытталды. 2015 жылы негізі қаланған бастама жалғасады деген үміттеміз. Қатысушылар өзара достасып кетті, тұрақты араласып, өз мүмкіндіктерін көрсетуде, қарсыластарынан оң тәжірибе алмасуға тырысуда. Біздің қабілетіміз ертең Каспий теңізіне әскердің келуін арттыруға емес, ондағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қызмет еткенін қалаймыз.

Біз күллі әлемге Каспий - әлем теңізі, достық теңізі екенін көрсетуіміз қажет. Біздің Президент, Қазақстанның Бас қолбасшысы өзінің сыртқы саяси қызметінде үнемі көрші елдермен, каспий маңындағы мемлекеттермен өзара іс-қимылымызға баса назар аударады. Бізді Каспий теңізі бөлмейді, керісінше, біріктіреді дегіміз келеді», деді ҚР ҚК Әскери теңіз кұштерінің Бас қолбасшысы Ермек Байғабылов.

Концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін Әзербайжан, Ресей, Иран, Қазақстан командалары қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

Жеңімпаздарға кубоктар мен медальдарды Ресей мен Әзербайжан қорғаныс ведомстволары министрлерінің орынбасарлары генерал-лейтенант А.Фомин мен генерал-лейтенант К.Велиев, сондай-ақ Әзербайжан Республикасы Әскери теңіз күштерінің қолбасшысы, 1 ранг капитаны З.Гумметов табыс етті. Ресей мен Әзербайжан бірдей балл жинап байқауда жеңісті бөлісті.

Сонымен, жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар 246 балл жинады. Иран - 234, Қазақстан - 227 балл жинады. Жарыс Ресей қорғаныс ведомствосының бастамасымен 2015 жылдан бастап үшінші рет ұйымдастырылуда.

Жарысқа барлығы Қазақстан, Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Қытай - 22 полигонындағы 30 елден 3,5 мыңға жуық адам қатысуда.