Жеңіл атлетика • 13 Тамыз, 2017

Усейн Болт соңғы жүгіруінде жарақат алып қалды (видео)

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Усэйн Болт өз спорттық жолындағы соңғы жүгіруінде оқыстан жарақаттанып қалды.

Усейн Болт соңғы жүгіруінде жарақат алып қалды (видео)

Осыған дейін сегіз дүркін Олимпиада чемпионы атанған желаяқ Лондондағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, спортпен қоштасқысы келетіндігін айтқан болатын. Алайда, аты аңызға айналған ямайқалық желаяқ әлем чемпионатындағы  4х100 эстафетаның соңғы төртінші айналымында жарыс жолына шығып, жарақат алып қалды. 

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, ол жамбасынан жарақаттанған. Сондай-ақ осы қашықтықта Ямайканың ерлер құрамында Омар Маклеод, Джулиан Форт, Йохан Блэйктер  де жүгірді.  

Болт соңғы бәсекенің қорытынды кезеңінде оқыстан жарақат алып, мәре сызығына жетпей тоқтады. Эстафетада 37,47 секунд көрсеткішімен Ұлыбритания командасы жеңімпаз атанды. Екінші болып мәре сызығына америкалықтар (37,52) жетсе, үшінші орынды жапондар (38,0) иеленді.