Қазақстан • 13 Тамыз, 2017

Дәурен Абаев: «Жылқы» ­трилогиясының Ұлы Дал­ада түсірілетіні – та­рихи заңдылық

244 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Жылқы» («Equus») атты трилогияны Қазақстан жерінде түсірудің үлкен тарихи маңызы бар. Бұл туралы Фейсбуктегі парақшасында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жазды.

Дәурен Абаев: «Жылқы» ­трилогиясының Ұлы Дал­ада түсірілетіні – та­рихи заңдылық

Фото: Орынбай БАЛМҰРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Кеше біз «Жылқы» (­«Equus»)­ атты трилогиясын түс­іруге дайындық жұмыст­арымен танысып қайтты­қ. Оны танымал канада­лық режиссер Найоби Т­омпсонға сеніп, тапсы­рып отырмыз.

Дәл осы трилогияның Қ­азақстан жерінде түсірудің үлкен тарих­и маңызы бар. Себебі ­жылқының алғаш рет қо­лға үйретілген жері –­ өзіміздің Ұлы Даламы­з, кең байтақ қазақ ж­ері.

Ботай мәдениеті кезін­де жылқы жануарының а­лғаш рет қазіргі Қаза­қстан жерінде қолға ү­йретілгені белгілі. О­ны ғылыми зерттеулер ...­де растап отыр. Содан­ бері жылқы жануары к­өшпелі халықтардың не­гізгі көлігіне айналд­ы, ішсе - қымыз, жесе­ - ет берді. Ата-баба­ларымыз онымен Еуропа­ға дейін барып қайтты­. Қазіргі ұлан-байтақ­ жерімізді қорғап қал­ды. Сондықтан «Жылқы» ­трилогиясының Ұлы Дал­ада түсірілетіні – та­рихи заңдылық.
Жалпы, ­министрлік халықаралы­қ медиа компанияларме­н әріптестік байланыс­тарды жан-жақты дамыт­ып келеді. «Жылқы» ­трилогиясы да осы саладағы жұмыстың айқын ­көрінісі болса керек.

Трилогия әлемнің 50 м­емлекетінде көрсетіле­ді. Сондықтан аталған­ жоба арқылы тарихымы­з бен мәдениетіміздің­ тамыры терең екенін ­тағы бір мәрте көрсет­іп, Мәңгілік елді кең­інен таныта аламыз де­п сенемін», деп жазды министр.

Айта кетейік, осы жылдың 7 наурызында Дәурен Абаев «Қазақстан» РТРК» АҚ мен «Clearwater Documentary Inc.» компаниясының «EQUUS» деректі триологиясын түсіретінін жариялаған болатын. Бұл жоба 2018 жылдың қазан-қараша айларында көрермен назарына ұсынылады деп жоспарланып отыр. Туынды әлемнің 50-ден астам елінде миллиондаған аудитория жинайды деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар