Әлем • 14 Тамыз, 2017

Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігіне жаңа басшы келді

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің бас директоры болып Абдусаид Кучимов тағайындалды, деп хабарлайды Кабар.

Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігіне жаңа басшы келді

Абдусаид Кучимов - ақын әрі жазушы. Ол 1951 жылы дүниеге келген. Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық институтын өзбек тілі және әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдаған. 1997-2005 жылдары Өзбекстан Ұлттық арнасын басқарған. 2006 жылдан бастап Ақпараттық технология және коммуникацияны дамыту министрлігінің «Хабар» газетінде бас редактор болды.

Кучимовқа дейін Ұлттық ақпарат агенттігінің басшысы болған Маматкул Хазреткулов Өзбекстан агенттігін 2001 жылдан басқарған. Ол Өзбекстан Президенті аппаратында бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша сектор меңгерушісі болып ауысты.