Астанада Қызылорда об­лысының күндері өтті

ЭКСПО-2017 халықаралық ма­ман­­дандырылған көрмесі аясында Астана қаласында Қызылорда об­лысының күндері өтті. Ма­­ңызды шараның басталу қар­са­ңын­да отандық баспасөз өкілдері үшін арнайы брифинг өткізген облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовтің мәліметіне қарағанда, соң­­ғ­ы жылдары өңір экономика­сы ай­тарлықтай нәтижеге қол жет­кіз­ген.
Егемен Қазақстан
15.08.2017 616

Биылғы жылдың бірінші жарты­жыл­дығында облыстың өнеркәсіп кәсіп­орын­дары 356,4 млрд теңгенің өнімін өн­ді­ріпті. Оның ішінде 289,5 млрд тең­ге тау-кен саласына, 49,7 млрд теңге өң­деуші өнеркәсіпке тиесілі. Сонымен қа­тар өнеркәсіптің өңдеу секторы да қар­қын­ды дамуда. Оған дәлел сектордың іш­кі жалпы өнім үлесі соңғы төрт жылда 3 есеге дейін өскен. 

Аймақ экономикасының дамуы үшін де маңызды жобалар іске асырылуда. Мә­селен, испаниялық жаңа техно­логияны ен­гізудің арқасында «Арал тұз» акцио­нер­лік қоғамы өнім экспорттауды 40 есеге ұлғайтыпты. Қытай елінің инвесторлармен бірлесіп Шиелі ауданында тампонажды цемент өндіретін зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, осыдан бір ай бұрын Қармақшы ауданының Ақтөбе ауылында жылына 1500 тонна дайын өнім шығаратын құс фаб­рикасының құрылысы басталды. Жоба «Актобе и К» және «Бай­қоңыр» әлеу­мет­тік-кәсіпкерлік корпорациясымен бір­лесіп жүзеге асырылуда. 

«Бизнестің жол картасы-2020» ба­ғ­дар­­ламасы аясында «Шалқия» қор­ға­сын-мы­­рыш кенішінде кен байыту ком­би­­наты мен газ-турбиналы электр стан­сасының құрылысын салу бойынша жұмыстар жоспарланып, осының аясында «Баласауысқандық» ванадий кен орнын британдық компаниялармен бірлесіп игеру қолға алынды.

Жалпы, өңір экономикасына 70 млрд теңгенің инвестициялары тартылып, Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлесіп, жалпы құны 100 млн доллардан асатын 4 жоба жүзеге асырылуда. Халықаралық қаржы институттары – Еуропа қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі және Дүниежүзілік даму бан­кі арқылы 720 млн доллар тұратын 15 жобаны қолға алып отыр екен. 
Олбыс қазір тұрғын үй салу көрсет­кі­ші бойынша Астана мен Алматы қа­ла­ларынан кейінгі үшінші орында тұр. Бірінші жартыжылдықта 307 мың шар­шы метр тұрғын үй іске қосылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 38,4 пайызға артық. Ал, ауыл шаруашылығы саласында 15,0 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, жаңадан 7 017 жұмыс орны ашылған. Соның бірі – жаңа шыны зау­ытының іске қосылуы. Болашақта мұнда 350-400 адам жұмыс істеп, нәпақасын айырмақ. 

Облыс халқының 60 пайызы көгілдір отын­ның игілігін көруде. Жуықта газ жі­беру стансаларының желілік мүм­кін­дігін ке­ңейту мақсатында «Қараөзек» газ ком­прес­сорлық стансасы іске қосылған. Бұл – бо­лашақта Астана қаласына газ жеткізу үшін жасалып жатқан жобалардың бірі. 
* * *
Облыс күндері аясында елорда хал­қы үшін «Қазақстан» спорт кешені ав­то­­тұрағында ауылшаруашылық өнім­де­­рінің жәрмеңкесі ұйым­дас­тырылды. Ша­раның алғашқы ашылуына облыс басшыларымен бірге Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысып, жәрмеңке өнімдерімен танысты. 

Жәрмеңкеге Қызылорда облысының 30 шаруашылығы 40 түрлі ауыл шаруа­шы­лық өнімдерін әкеліпті. Оның ішін­де Сыр елінің мақтанышы, негізгі дақыл – күріш пен қауын-қарбыз, Арал те­ңізінің дәмді балығы және басқа да өнімдер бар. Нақтырақ айтқанда, 60 тонна күріш, 3 тонна жылқы еті, 1 тонна тауық еті, 15 тонна балық, 1 тонна қымыз-шұбат, 90 тонна қауын-қарбыз, 20 тонна көкөніс, қияр, қызанақ, 35 тон­на картоп, 8 тонна сәбіз, 10 тонна қы­рыққабат, т.б. өнімдер нарықтағы ба­ға­дан біршама арзан бағамен сатылды.

– ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында елордада төрт рет жәрмеңке өткізу жос­парланған болатын. Осыған дейін Ақ­мола және Батыс Қазақстан, Атырау об­лыстарымен бірлесіп, өңіраралық ауылшаруашылық жәрмеңкелерін ұйым­дастырдық. Бұл жолы елорда­лық­тар үшін 60 миллион теңгеге бағаланған 200 тонна өнім алып келдік. Тауар баға­сын Астана қаласы әкімдігі ауыл ша­руа­­шылығы басқармасымен алдын ала ке­лісіп белгіледік. Өйткені, баға ха­лық­қ­а тиімді болуы керек. Сөйте тұра, біз­дің сатушылар арнайы белгілеп бер­ген бағадан да төмен сатып жатыр, – деді Қызылорда облысы ауыл ша­руа­шылығы басқармасының басшысы Бақыт Жақанов.
Жәрмеңке сенбі, жексенбі күнге бел­гі­ленген екен. Сенбі күнгі жәрмеңкеге бар­дық. Халық ығы-жығы. Әсіресе, Сыр бойының әйгілі қауын-қарбызының маңайында топтасқан халық көп. Күләбі, әміре, әңгелек, торлама қауындарды са­тып тұрған сатушылардың жүздері жар­қын. Көппен бірге жәрмеңкені аралай жү­ріп қызылордалықтардың өнім сатып отырған бағасына да назар аудардық. 
Мысалы, ақ күріштің килосы – 180 теңге, жылқы еті – 1 500 теңге, сиыр еті – 1 250 теңге, шұжық өнімдері – 900 тең­ге, қымыздың литрі – 500 теңге болса, шұ­бат 600 теңге, балық өнімдері мей­лінше арзан: көксеркенің килосы – 1 500 теңгеге бағаланса, сазан – 700, лақа – 500, шор­тан – 300, табан мен айнакөз балығы 200 теңгені құрап отыр. Ал, көкөніс өнімдері: қияр – 100 теңге, қызанақ – 200 теңге, алма – 300 теңге, алмұрт – 400 теңге, картоп – 90 теңге, сәбіз – 120 теңге, пияз – 140 теңге, қырыққабат 50 теңгеге саудаланып жатты.
*  *  *
Сыр өңірі – жыр елі, небір сүлейлер шық­қан киелі жер. Бұл өлкеде жыраулық дәс­түрдің мектебін қалыптастырған Ешнияз сал, Шораяқтың Омары, Бал­қы Базар, Кете Жүсіп, Дүр Оңғар, Қара-
­с­ақал Ерімбет, Даңмұрын, Нартай, Нұр­туған, Әзілкеш Шымырұлы, Құлан Алдабергенұлы, Қаңлы Жүсіп сынды тұлғалар елдің даңқын асырған жыр тұлпарлары түлеген дүбірлі мекен.

Осы орайда, қызылордалық өнер­паз­дар дүлдүл бабаларының жолын жал­ғап, ас­та­налықтарды бір апта ойын-сауық, жыр-терме, ән-күймен сусындатты. Об­­лыстық мәдениет, архив­тер және құ­жаттама басқармасының басшысы Ержан Абдрахмановтың айтуына қарағанда, аталмыш мәде­ни шараға барлығы 275 өнерпаз жұмыл­ды­рылыпты. 
Облыс күндерінің беташарын Нар­тай Бекежанов атындағы қа­зақ му­­зы­­калық драма театры бас­тады. Театр ұжы­мы 10 тамыз күні 70 жасқа толып, мерейтойлық белес­ке шыққан та­нымал драматург Иран-Ғайыптың «Қорқыт» драмасы М.Горький атын­­дағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында сахналан­са, келесі күні облыстық филармо­ния ұжымы Г.Остердің «Мазасыз тиін» ту­ын­дысын Қалибек Қуанышбаев атын­да­ғы Мемлекеттік академиялық қазақ му­зыкалық драма театрында қойды. Бұл қойылымда үлкенді сыйлау, кішіге қам­қор болу, досқа көмек қолын созу сын­ды көріністер айрықша сипатталған. Өнер­паздар түрлі аңдар кейпіне еніп, жа­нуарлардың іс-қимылын, сөйлеген сөзін ба­лаларға шебер жеткізе білді. 
Сонымен қатар, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында М.Ахунзаденің «Кетпейсің. Болды, кетпейсің...» спектаклінің премьерасы көрсетіліп, Сыр елінің өнер­­паздары астаналықтардың ықы­лас­ына бөленді. Спек­такльдің қою­шы режиссері – Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген әртісі Мұрат Ах­манов. Премьераға құрмет­ті қонақ ре­­тінде Сәбит Рахман атын­дағы Ше­ки мем­лекеттік драма театры­ның бас ре­­жи­­ссері, Әзер­байжан Рес­пуб­ли­ка­­сы­ның өнер қай­рат­кері Мирбала Са­лимли Сейи­дас­ке­рог­лы келіп қатысты.
* * *
Келесі бір маңызды шара – 13 тамыз күні қала шетіндегі «Этноауылда» ұйымдастырылған «Сыр шежіресі» атты қолөнер шеберлері мен облыстық та­рихи-өлкетану музейінің өңір тарихы мен мәдениетіне арналған көрмесі. Бұл көрмені көппен бірге Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаев та келіп тамашала­ды. Мемлекет басшысы бағзыдан бері үзіл­мей келе жатқан Сыр сүлейлерінің өнерін та­машалап, жыршы Руслан Ахметовтің арнауын тыңдады. сәті келгенде қос сәбидің тұсауын кесіп, қала тұр­ғын­дарымен бірге емен-жарқын қыды­рыс­тады.

«Сыр шежіресі» көрмесі 25 сала бой­ынша ұйымдастырылып, 25 шебер әр салаға жауапты адам ретінде тағай­ын­далған. Солардың бірі, әрі шеберлердің кө­шін бастап тұрған сақа қолөнерші Жә­нібек Маханбетов. Жәкең көрмеге ағаш, мүйізден ойып өз қолымен жа­саған 38 кәдесый бұйымын әкеліпті. Мұндай кәдесый бұйымдарын жасаушылар қатарында – аралдық Шайхы-Ислам Мағауияұлы, құстың сүйегін құ­рас­тырып ғажайып мүсін тудырып жүр­ген шебер Самалбек Бурабаев, бел­гілі өнер иесі Мұрат Нәрлібаевтың шә­кірті, сүйекті сүрлеп, озық өнер тудырушы Пахраддин Садықов, ақ күмісті қақтап алқа-жүзік жасайтын алтын қолды азамат Бекзат Жақыпов, киіз, мата бұйымдарын өрнектеп, тоқыма то­қитын қыз-келіншектер – Зухра Тас­бо­латова, Балжан Сатыбалдиева, Сәу­ле Шайхсламова, Майя Қалжа­но­ва, Жан­сара Бөлегенова, Баян Көпжа­са­ро­ваның қолынан шыққан дүниелер көз тартарлық. 

Бұлардан басқа облыстық тарихи-өлке­тану музейінің жәдігерлерін де та­ма­шаладық. Бұл музей еліміздегі аса бай мұ­расы бар ұйымдар қатарына кіреді. Музей қорында әр ғасырдың мұрасы 50 мыңнан астам жәдігер сақталған. Осылардан көрмеге 250-ге жуық экспонат әкелінген екен.
Бұлардың қатарында бал қарағайды жонып жасап, майға бөктірген көне адал­бақан, ақ қайыңнан шабылған көне ердің түрлері, 1968 жылы музей қорына тапсырылған «Жоңғар ду­лы­ғасы» сыңды жәдігерлер бар. Ду­лы­­ғаның жаса­лу стилі ерекше, тө­рт жағына ай­даһар бей­несі бәдіз­дел­­ген. Соған қа­рағанда ежел­гі қытай ұсталарының қо­лынан шыққан бұйым екені анық. Со­нымен қатар, көне садақ, қора­мса, же­бе, қайқы қылыштың түпнұсқаларымен қатар Абылай, Әбіл­қайыр хан­дар пайдаланған жүзік-мөр­ле­р­дің көшірмесі қойылыпты.
Жалпы, бұл музейде күмістен жасал­ған сәндік бұйымдардың 1 500 кол­лек­ция­­сы жинақталған. Солардың арасы­нан – өңіржиек, сырға, шашбау т.б. 40-қа тарта бұйым көрме үшін арнайы әкелі­нген. Әйгілі шебер Естай Дәубаев жа­саған сәукеле мен Арал-Қазалы өңі­рі­­нің халқы пайдаланатын өсімдік өр­негі салынған сандық, XIX ғасырдың ая­ғын­да Тула қаласында жасалған мыс са­мауыр, аралдық зергердің қолынан шыққан тері қапталған тегене сияқты құнды дүниелерді көрдік. 
*  *  *
Концерттік және көпшілік мәдени ша­ра­лар аясында қала шетіндегі «Қазанат» ат­шабарында ұлттық спорт түрлерінен ау­дарыспақ, теңге ілу, қыз қуу, жамбы ату, тоғызқұмалақ, асық ату си­яқты спорт­тық ойындар да қоса ұй­ым­­­дас­ты­рылды. 
Аталмыш шараға облыс тумалары, аударыспақтан еліміздің жеңімпаздары Әбді­насредин Файзулла, Серік Әмір­сейіт, жүл­дегерлер Серік Ғабит, Мұратхан Қуан­дық, Ерсұлтан Исабек, теңге ілу мен садақ атудың шеберлері – Жарқынбек Ал­ма­ғанбетов, Бекқали Өзденбаев қатысты. 
Сондай-ақ, түйе балуандар сайысы да жалауын көтеріп, оған «Қазақстан Барысы-2017» атағын жеңіп алған Еламан Ерғалиев, самбодан Азия чемпионы Мақсат Исағабылов, қазақ күре­сінің майталмандары Нұрым Сәлім­ге­реев, Марат Баймаханов пен Жайдар Есенов бастаған балуандар бақ сынас­ты. Бас­қалардан басым түскен қарағандылық бау­лан Ержан Шынкеев бас жүлдені же­ңіп алды.
* * *
Кеше ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қала­шы­ғында орналасқан амфитеатрда Сыр өңі­рі өнерпаздарының қатысуымен «Сыр­д­ария – жырдария» атты қорытынды кон­церт өтіп, облыстың мәдени күндері рес­ми түрде аяқталды. Концертке облыстық би ансамбльдері, жыршы-термешілер, қа­зақ эстрадасының жұлдыздары – Мәдина Сәдуақасова, Алмас Кішкенбаев, Серік Ибрагимов және т.б. өнер иелері қатысты.
 
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, 
Айгүл СЕЙІЛ, 

«Егемен Қазақстан»

Суреттерді түсірген 
Орынбай БАЛМҰРАТ, 
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2018

«Спортинг» – «Астана». Жауапты ойынның жауапкершілігі

21.02.2018

Өскеменде «Жас кәсіпкер» атты бизнес-жобалар байқауы өтті

21.02.2018

«Жолдарда жемқорлықты төмендетудің 10 қадамы» акциясы ұйымдастырылды

21.02.2018

Юлия Галышева: Жүлдегер екенімді елге келгенде шынайы сезіндім

21.02.2018

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

21.02.2018

Астаналық жас өнерпаздар латын әліпбиін қолдап флешмоб өткізді

21.02.2018

Атырау облысындағы Сарайшық музейінде заманауи сапар орталығы салынады

21.02.2018

2019 жылы Атырау облысының 99,7 пайызы табиғи газбен қамтылады

21.02.2018

Элизабет Тұрсынбаева Олимпиаданың келесі кезеңіне жолдама алды

21.02.2018

Буырқанған бояулар: Салихитдиннің салқар даласы

21.02.2018

Жәдігер: Қожамбеттің қолжазбасы

21.02.2018

Ерік Асқаровтың жары: Ерікпен өткізген өмірімді көктемге балаймын

21.02.2018

Жезқазғанда Ғалым Жайлыбайдың шығармашылық кеші өтті

21.02.2018

Әдебиеттің әңгімесі: Тәкенге оралу

21.02.2018

Ойласу: Жаңа мазмұнды енгізуде ескерілсе...

21.02.2018

Тәжірибе тәлімі: Педагог өмір бойы үйренуі тиіс

21.02.2018

Көзқарас: Тарих оқулықтарының тілі ауыр, деректері қате

21.02.2018

Жаңа латын графикасына қатысты пікірлер

21.02.2018

Төрегелді Шарманов, академик: Заманауи өмірдің заңдылығы

21.02.2018

Ерлан Сағадиев: Асығыстыққа жол бермеу қажет

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Халық тәжірибесі – құндылық

Елшіл қайраткер Смағұл Сәдуақасұлы «Сәрсенбек» атты романында (1922) бас қаһармандарының аузынан «Қазақ неше жылда нағыз Жапониядай болады», «Қазақ Жапония секілді болу үшін өзінің елдігі өзінде болу керек», «Мыңдаған, миллиондаған қазақтар жұмысшы болып істесе, өз жерінің байлығының рахатын көрген емей немене?! Бұл дегенің адам айтқысыз жаңару болар еді» дейтін пікірлер айтқызады. Ел келешегінің мүбәрак жолын меңзеген нұсқа сөз деп қабылдаған дұрыс.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жүздік құрылымда рулық үлес жоқ

Жақында танымал антрополог-академик Оразақ Смағұловтың «Қазақ халқының шығу тегі» атты еңбегі жарыққа шықты. Туындыда қазақ халқы осыдан қырық ғасыр бұрын Еуразия даласында дара этнос ретінде қалыптасқаны физикалық антропология арқылы дәлелденіпті. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Тобасыз тойымсыздарға тоқтам бар ма?

Қазаққа адал қызмет етуді парыз да қарыз санаған ұлт көсемі Әли­хан Бөкейханов: «Алаштың баласы, бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгі­ні өзінде бөлек мемлекет болар» деп­ті. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әлеуметтік әділеттілік жолы

Енді ғана тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысындағы өзінің алғашқы баян­дамасында « МӘМС жүйесін енгізуді бастау үшін үстіміздегі жылы толық­қанды дайындық жұмыстары қам­тамасыз етілетін болады» деп атап көр­сетті. 

Тағы да оқу

Пікірлер(11)

Жанат (17.08.2017 11:34:14)

Осы Қызылорда облысының күндеріне қарай Ильин де келген ғой экспога, қателеспесем ол да Қызылордалық емес пе

Арайлым (16.08.2017 11:29:09)

Этноауылда біз де болғанбыз, ұлттық ойындарды тамашалап қайттық. Өте ұнады. Қазақөалқының нышанында барлығы.

Айдана (15.08.2017 11:47:56)

Халыққа арнайы жасалған концерт пен жәрмеңкелер үшін тек Қызылорда облысы ғана емес, барлық қатысқан облыстарға алғысымды айтар едім. Батыстың балығын, шығыстың балын, оңтүстіктің күрішін алып жегенде, тура бір сол өңірлерге барып келгендей боласын. Рахмет!

Айдана (15.08.2017 11:47:36)

Халыққа арнайы жасалған концерт пен жәрмеңкелер үшін тек Қызылорда облысы ғана емес, барлық қатысқан облыстарға алғысымды айтар едім. Батыстың балығын, шығыстың балын, оңтүстіктің күрішін алып жегенде, тура бір сол өңірлерге барып келгендей боласын. Рахмет!

Айдана (15.08.2017 11:47:35)

Халыққа арнайы жасалған концерт пен жәрмеңкелер үшін тек Қызылорда облысы ғана емес, барлық қатысқан облыстарға алғысымды айтар едім. Батыстың балығын, шығыстың балын, оңтүстіктің күрішін алып жегенде, тура бір сол өңірлерге барып келгендей боласын. Рахмет!

Айдана (15.08.2017 11:47:24)

Халыққа арнайы жасалған концерт пен жәрмеңкелер үшін тек Қызылорда облысы ғана емес, барлық қатысқан облыстарға алғысымды айтар едім. Батыстың балығын, шығыстың балын, оңтүстіктің күрішін алып жегенде, тура бір сол өңірлерге барып келгендей боласын. Рахмет!

Айдана (15.08.2017 11:47:22)

Халыққа арнайы жасалған концерт пен жәрмеңкелер үшін тек Қызылорда облысы ғана емес, барлық қатысқан облыстарға алғысымды айтар едім. Батыстың балығын, шығыстың балын, оңтүстіктің күрішін алып жегенде, тура бір сол өңірлерге барып келгендей боласын. Рахмет!

Айдана (15.08.2017 11:47:16)

Халыққа арнайы жасалған концерт пен жәрмеңкелер үшін тек Қызылорда облысы ғана емес, барлық қатысқан облыстарға алғысымды айтар едім. Батыстың балығын, шығыстың балын, оңтүстіктің күрішін алып жегенде, тура бір сол өңірлерге барып келгендей боласын. Рахмет!

Айдана (15.08.2017 11:46:58)

Халыққа арнайы жасалған концерт пен жәрмеңкелер үшін тек Қызылорда облысы ғана емес, барлық қатысқан облыстарға алғысымды айтар едім. Батыстың балығын, шығыстың балын, оңтүстіктің күрішін алып жегенде, тура бір сол өңірлерге барып келгендей боласын. Рахмет!

Айдана (15.08.2017 11:46:57)

Халыққа арнайы жасалған концерт пен жәрмеңкелер үшін тек Қызылорда облысы ғана емес, барлық қатысқан облыстарға алғысымды айтар едім. Батыстың балығын, шығыстың балын, оңтүстіктің күрішін алып жегенде, тура бір сол өңірлерге барып келгендей боласын. Рахмет!

Айдана (15.08.2017 11:46:53)

Халыққа арнайы жасалған концерт пен жәрмеңкелер үшін тек Қызылорда облысы ғана емес, барлық қатысқан облыстарға алғысымды айтар едім. Батыстың балығын, шығыстың балын, оңтүстіктің күрішін алып жегенде, тура бір сол өңірлерге барып келгендей боласын. Рахмет!

Пікір қосу