Футбол • 16 Тамыз, 2017

Станимир Стойлов: Бізді кез келген есеп қанағаттандырады, тек Чемпиондар лигасы топтық кезеңіне өтсек болды

286 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Астана» командасының бас бапкері Станимир Стойлов УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде Глазгода «Селтикпен» болатын ойынның алдында журналистер сұрағына жауап берді.

Станимир Стойлов: Бізді кез келген есеп қанағаттандырады, тек Чемпиондар лигасы топтық кезеңіне өтсек болды

-   Жаттығулар әдеттегідей бір қалыпты жүріп жатыр. Ойыншылардың барлығы қатарда. Бұл кездесу бізге оңай болмайтыны анық. Соған қарамастан шәкірттерім Чемпиондар лигасының  топтық кезеңіне өтеді деген үміттемін.

-  Қазақстан премьер-лигасының соңғы «Ордабасы» және «Ақтөбемен» болған матчтарда негізгі құрамның бірқатар футболшыларын көре алмаған едік. Олардың жай-күйі қалай? «Селтикпен» болатын ойынға қатыспайтындар бар ма?

-  Джордже Деспотовичтің ойынға жүз пайыз қатыспайтыны белгілі болды. Ал Марин Аничич матчқа дейін қатарға қосылып кетеді деген үміт бар.

-  Өткен маусымда «Селтикпен» болған ойындағы төрешілер шешімі әділ болды дей аласыз ба?

- Төрешілер туралы ештеңе айта алмаймын. «Астана» өз алаңында мықты болғанымен, қарымта кездесуде «Селтик» Глазгода бір бас жоғары ойнады. Біз төрешілер шешімімен санаспаймыз, қалай қабылдады, солай болады. Ал ертеңгі ойында болатын төрешілердің жұмысына риза боламыз деген ойдамын.

- Ертеңгі ойынның атмосферасына байланысты командаңызға қандай талап қойып отырсыз?

-  Өткен жылы ойыншыларымызды эмоция құртқан болатын. Ертеңгі ойында бәрінің жақсы болатындығына сенімдімін. Бұл екі ойыннан тұратын кездесудің тек бірінші матчтан ғана екенін естен шығармауымыз керек емес.

- УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықсаңыздар, ол қазақ футболына не береді, қандай нәтиже алып келеді?

- Қазақ футболының қандай да бір нәтиже алып келетінін дәл басып айту қиын. Еуропа бойынша есепке алсақ, дәл қазір «Астананың» коэффициенті өте төмен. «Легиямен» болған ойыннан кейін командадағы жігіттерге Қазақстан футболына үлкен төңкеріс жасағанымызды айттым.

- Ертеңгі ойында «Астана» үшін қандай есеп қолайлы, нәтижелі деп ойлайсыз?

- Келесі бейсенбі күні өтетін УЕФА Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребе тарту рәсіміне қатысатын болсақ болды, бізді кез келген есеп қанағаттандырады. «Астана» басшылығының негізгі мақсаты – еурокубоктардың топтық кезеңіне жолдама алу.