ЭКСПО-2017 • 16 Тамыз, 2017

Хайнаньды ауылшаруашылық өнімдері қызықтырады

191 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қалашығында Қазақстан-Қытай мемлекеттерінің өкілдері өзара қарым-қатынасты дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды. ҚХР-дың туристік және экономикалық әлеуеті зор аймағы елімізбен ынтымақтастық орнатуға ниетті. Хайнань провинциясы туризм саласындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын. Арал тұрғындарын біздің ауылшаруашылық өнімдеріміз қызықтырады екен.

Хайнаньды ауылшаруашылық өнімдері қызықтырады

Теңіз ортасындағы провин­ция­ның ақ маржан құмдары талайды тәнті еткен. Тропикалық же­міс­­тері тіл үйіреді. Тұнып тұр­ған экзотикалық аймақ Қы­тайдың оң­түс­тігінде ор­на­­­­ласқан. Хайнань ши­пажай­лар­дың арқасында былтыр ел экономикасына 2 млрд АҚШ долларынан астам инвес­тиция тартыпты. Енді олар Ас­танада қазақстандықтармен әр­түрлі бағыт бойынша жұмыс іс­теуге уағдаласты. «Бұл құ­жат аясында Қытаймен өзара ын­ты­мақтастықты дамыту үшін экономиканың түрлі салаларында нақты іс-шаралар жоспарын құ­руды ұсынбақпыз. Алда әлі та­лай кездесулер өтеді. Аспанас­ты елінің туризмі қарқынды да­мыған. Көршілердің бұл тә­жірибесін зерттеп, зерделеп, оны Қазақстанға енгізу керек», дей­ді Қазақстан-Қытай сауда ын­­тымақтастығы қауым­дас­ты­ғы­ның басқарушы директоры Ба­тырбек Әубәкіров.

Хайнань туризм саласы бойын­ша жыл басынан бері 320 млн доллар көлемінде пайда тапқан. Қытай мәдениетімен 300 мыңнан астам турист танысса, олардың дені орыс тілді демалушылар екен. Жыл соңына дейін бұл аймаққа 20 мыңдай қазақстандық барады деп кү­ті­луде. 

Провинцияға виза ресім­демей-ақ, тікелей әуе рейсі ар­қылы ұшып баруға болады. Хайнань про­­винциясы халықтық саяси кон­сультативтік кеңесінің бас­шы­сы Юй Сюньнің айтуынша, даму қарқыны жоғары өңірдің арнайы экономикалық аймағы да бар. Енді екі елдің қарым-қа­тынасын одан әрі ны­­ғайта тү­суге бетбұрыс жа­са­­лады. Хал­ық­аралық көр­ме ая­сындағы Хай­нань про­ви­н­­­циясының күндеріне орай Қытайдан жиырмадан аса кә­сіп­кер келді. Олар медицина, ауыл шаруашылығы, туризм салалары бойынша жаңа байланыстар орнатуға ниетті.