ЭКСПО-2017 • 16 Тамыз, 2017

Көрмедегі көрермен саны – 2,5 миллион

228 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Кеше ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қонақтарының саны 2,5 миллионға жетті, ал павильондарға кіріп-шығу саны 15 миллионнан асқан. Келушілерді әсіресе Африка плазасы қызықтырады, 659 452 адаммен көш бастаған павильон 22 елді қамтиды. Екінші орында 608 733 адаммен Мысыр павильоны болса, 596 462 көрермен тамашалаған Түркия павильоны алғашқы үштікті түйіндейді. 568 654 адам тамашалаған Әзербайжан алаңы төрттіктен орын тепкен.

Көрмедегі көрермен саны – 2,5 миллион

Одан әрі Тайланд – 566 711, Үндістан – 557 480, Ресей – 515 321, Өзбекстан – 469 575, Жапония 461 772 көрермен тар­тқан екен. Алғашқы он­дық­ты түйіндеген Сауд Арабиясының көр­месін 419 285 адам тамашалап үлгеріпті. Келіп-кетушілер саны 800 мың­нан асқан «Нұр Әлем» павиль­о-
ны өткізуші мемлекет ретін­де тізімнен орын алмапты. Бұл де­ректер халықаралық көр­ме ор­та­лығының екі айлық қоры­ты­н­дысына арналған жиында мәлім болды. 

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақовтың айтуынша, көрменің екінші айында алғашқы отыз күнмен салыстырғанда 1,4 есе көп адам келген. «Нұр Әлем» сферасына 746 мың адам кір­ді. Мұнда да өсім – 1,4 есе. Шара басталғалы бері мемлекет­тер мен халықаралық ұйым­дар­дың 60-тан аса ұлттық күні ұй­ым­дастырылған. Енді 30-ға жу­ық осындай шара өтеді. 160-қа жуық тақырыптық жиын ұйымдастырылды. Көрмені көп­теген елдің мемлекет және үкімет бас­шылары мен сыртқы істер ми­нистрлері арнайы аралады», деді ол. 

Ұлттық компанияның қауіп­сіз­дік бойынша департамент д­и­­рек­торы Рүстем Шәкенов кө­р­­­меде ең көп жоғалатын, яғ­­ни келушілер жоғалтып алатын зат құжаттар екенін айтты. «Бәл­­кім, салақтығынан, бәл­кім нем­құрайдылығынан ке­лушілер арасында киім-ке­шегін тастап ке­тетіндер де жет­кі­лік­ті. Сөм­ке­лерін отырған же­рінде ұмытып кететіндер де бар. Екі ай ішінде 867 зат табыл­ды, олардың 273-і иесіне қайтарылса, 594-і сақтауда тұр», деген ол қауіп­сіздікті қам­тамасыз ету орта­лығының же­лісі бойынша 1789 жағдай тір­келгенін, оның 26-сы ұсақ ұр­лық қылмысы екенін мәлім­де­ді.

Көрме басталғалы бері ЭКСПО қалашығына орнала­с­қан қо­нақ­­тар саны – 15416 адам. Дәл қазіргі уақытта онда 5181 адам тұрып жатыр. Сонымен қатар, есепті мерзімде 4864 адам медициналық көмекке жүгінсе, 49-ы аллергия, дене қызуының көтерілуі және қан айналым жүйесінің бұзылуы дерт­терімен ауруханаға жат­қы­зылды. «Екі айда жал­пы сома­сы 131 767 992 теңгені құ­рай­тын 84 495 дана лицен­зия­лық өнім сатылды. Және 537,8 тонна өнім әкелінді. Қо­ғам­дық тамақтану орындары­н­да 558,7 мың келушіге қыз­мет көр­сетілді. Тауар айна­лы­мы­ның жалпы сомасы 905,7 млн теңгені құрады», деді коммерцияландыру депар­т­а­ментінің директоры Дәу­лет Еркінбаев.

10 маусымнан 14 тамызға дей­ін байланыс орталығына 44 242 адам жүгінген екен. Оның ішін­де 26 261 қоңырау ша­лу болса, 965-і – өзге байла­ныс түрлері. Ақпарат дү­ң­гіршектеріне жүгін­ген азамат­тар саны – 17 016. Логис­ти­калық қызмет көрсетулер бой­­ынша халықаралық павиль­он­дар­­ға 5 298 тонна жүк жеткізілді.

18 тамыз күні ЭКСПО-2017 көр­­месі аясында елордаға Эйкон, Джон Ньюмэн сияқты әлем жұл­дыз­дары қатысатын му­зы­калық фестиваль өтеді. 19 тамызда Эрос Рамазоттидің кон­­церті болады. Ал 29 тамыз к­ү­ні әйгілі Дэвит Гетта келіп, өнер көрсетеді.