Спорт • 16 Тамыз, 2017

Елордалық спортшылар ТМД ойындарында үздік нәтиже көрсетті

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11-16 тамыз аралығында Ресей мемлекеті Ульяновск қаласында Бірінші Ұлттық спорт түрлері фестивалі және ТМД ойындары өткізілді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Елордалық спортшылар ТМД ойындарында үздік нәтиже көрсетті

Фестивальге қатысқан 380-нен астам спортшы гір көтеру, самбо, белбеу күресі, садақ ату, мас-рестлинг, доппен ойналатын хоккей, шашки және ұлттық спортымыз – қазақ күресінен бақ сынады. Қатысушылардың басым бөлігі өз спорт түрлері бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері.

Астаналық «Толағай» мектебінің тәрбиеленушілері жарыста мектеп намысын қорғауда. ТМД ойындарында «Толағай» ЖСШМ-нен жалпы 2 спорт түрінен 7 спортшымыз қатысып, келесі нәтижелер көрсетті:

Белбеу күресінен:
Дюсембаева Ботагоз, 52 келі салмақ дәрежесі - ІІ орын.
Абдрахманов Мадияр, 100 келі салмақ дәрежесі - ІІ орын.
Сейтен Айбат, түйе балуан - ІІІ орын.

Гір көтеруден:
Ахметов Магзам, 63 келі салмақ дәрежесі - І орын,
Мушекенов Тимур, 73 келі салмақ дәрежесі - ІІІ орын,
Ашимов Адильбек, 78 келі салмақ дәрежесі - ІІ орын,
Абдахин Серик Нургалиевич, гір көтеру спортынан жаттықтырушы-оқытушы, 68 келі салмақ дәрежесі - ІІІ орын.