Спорт • 17 Тамыз, 2017

Астанада Спорт күніне арналған үстел теннисі, волейбол және шағын футболдан спартакиада өтеді

596 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 тамыз күні «Алау» мұз айдыны сарайында Спорт күніне арналған үстел теннисі, мини-футбол және волейболдан спартакиада өтеді.

Астанада Спорт күніне арналған үстел теннисі, волейбол және шағын футболдан спартакиада өтеді

Сурет: www.astanagid.kz

Шараны қазақша және еркін күрестен спорт шебері, ақын  Жеңіс Қашқынов атындағы қормен, Астана қаласының мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, «Алау» мұз айдыны сарайымен бірлесе отырып, елорда әкімдігінің қолдауымен өткізеді.

Спорттық шара халық арасында салауатты өмір салты мәдениетін кеңінен насихаттауға бағытталған.

Спартакиаданың салтанатты ашылуына белгілі спорт шеберлері мен Қазақстан эстрадасының өкілдері қатысады. Жеңіске жеткен қатысушылар диплом, алғыс хат, ақшалай және құнды сыйлықтармен марапатталады.

Жарысқа барлық қалаған 14-29 жас аралығындағы адамдар қатыса алады. 

Спартакиаданың басталуы сағ. 11:00-де, тіркелу сағ. 09:00-де.