Аймақтар • 17 Тамыз, 2017

Қызылорданың спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімінің өкімімен Әкімов Олжас Азатұлы Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қызылорданың спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Олжас Азатұлы 1980 жылы туған. Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «заңгер», «Болашақ» университетін «дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша бітірген. "Болашақ" бағдарламасының стипендианты, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Еңбек жолын 2001 жылы Қармақшы ауданының Төретам кентіндегі №85 орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.

2004-2008 жылдары Кедендік бақылау комитетінің «Байқоңыр» кедендік бөлімшесінде жауапты қызметтер атқарған.

2008-2012 жылдары Байқоңыр қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы.

2012-2014 жылдары Астана қаласындағы «Астана» регби клубы мен «Жігер» спорт клубын басқарған.

2015-2016 жылдары Алматы қаласындағы №17 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры.

2016 жылдан Алматы қаласындағы «28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекциясы» департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.