17 Тамыз, 2017

Әділбек Жақсыбеков: Рухани жаңғыру аясында ауқымды жұмыс атқарылды

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғимаратында ҚР Президенті жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынды Президент Әкімшілігінің Басшысы – Ұлттық комиссияның төрағасы Әділбек Жақсыбеков ашып, жүргізді.

Әділбек Жақсыбеков: Рухани жаңғыру аясында ауқымды жұмыс атқарылды

Ә.Жақсыбековтің айтуынша, Елбасының «Рухани жаңғру» бағдарламасын жүзеге асыруда нақты қадамдар жасалып, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар жұмысқа белсенді қатысып келеді. Сондай-ақ, облыстарда арнайы комиссиялар, жобалық кеңселер, сарапшы топтар құрылып, жұмыстың алғашқы нәтижелері көріне бастады. «Өздеріңіз көп жұмыс жасалғанын көрдіңіздер. Ұлттық комиссияның арнайы топтары жұмыстарының алғашқы нәтижелері бар. Біз осы шараларды ұйымдастыруда жаңа деңгейге шықтық. Бүгінде жаңа алфавиттің жобасы жасалды. Киелі жерлердің географиясы бойынша 600 нысан белгіленді. Олардың 22-сінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар басталды. «Туған жер» бағдарламасы бойынша кең көлемде жұмыста жүргізілуде. Мәдениет бағытында ең жақсы шығармалар таңдап алынды. 17 оқулыққа аударма жасалуда. Бұл осы жұмыстардың басы ғана» деді Президент Әкімшілігінің Басшысы – Ұлттық комиссия төрағасы.

Ә.Жақсыбеков бағдарламаның ауқымды жалпы ұлттық жобаға айналу қажеттігін айтты. Сондай-ақ, отырыста қаралатын екі мәселеге арнайы тоқталды. Оның бірі – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өңірлерде атқарылған жұмыстардың алғашқы нәтижелері болса, екіншісі – жұмыс топтары қызметінің нәтижелері.

Айгүл СЕЙІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген 

Орынбай БАЛМҰРАТ,

«Егемен Қазақстан»