Медицина • 18 Тамыз, 2017

Қарағанды дәрігерлері жүкті әйелдерге жіті қызмет көрсетеді

711 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгінде отандық медицина саласының жас мамандары даярланып, жаңа технологияның тiлiн бiлетiн білікті жастар келіп жатыр.

Қарағанды дәрігерлері жүкті әйелдерге жіті қызмет көрсетеді

Айталық, Қарағанды қалалық №4 емха­насында жағымды жаңа­лықтар, өнімді өзгерiстер жетерлік. Мәсе­лен, электронды қызметті да­мы­ту – әлемдегі медиц­иналық қы­змет көрсетудің жаңа деңгейі. «Ден­саулық» мемлекеттік бағдар­ламасына сәйкес, еліміз­дің медици­налық қызмет көрсету саласына иннова­циялар енгізу заман талабына сай жаңа кезеңге көтеріліп келеді.  
Осыған байланысты былтыр Қарағанды өңірінде «Виенна» ЖШС компаниясы мен облыстық ден­­саулық сақтау басқармасы «SOS қызметімен дистанциялы боса­нуға дейінгі патронаж» бір­лескен жо­­ба­­сын іске қосқан бола­тын. Атал­­ған жобамен алғаш тәжі­рибе жүр­­гізген мамандардың бірі, Қа­ра­ғанды қаласының №4 емханасы директорының ана мен бала денсаулығын бақылау бойынша орынбасары Жанар Башекова жайлы әңгімелемекпіз. 
Жанар Мұхамедкәрімқызы – нау­­қастарды емдеу­де кәнігі маман және бай тәжірибесін жас маман­дармен бөлісе білетін  бірегей бас­­шы. Жұмысы тікелей аналар мен балаларға қатысты дәрігер «Денсаулық» бағдарламасының талаптарына толық жауап беретін және жүктілік кезіндегі ана мен бала өліміне тосқауыл боларлық аса қажетті медициналық көмектің түрін алғаш пайдалануда біршама игілікті істер атқарып отыр. 1998 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің педиатрия факультетін үздік бітірген Жанар Башекова 2015 жылдан бері №4 қалалық емханада еңбек етіп келеді.
Әйелдердің жүктілік ке­зеңіндегі дайын­ды­ғы мен олардың ден­саулығына жауаптылықпен қарау – Башекованың басты мін­деті. 
«Біздің емханада 64792 адам тіркелген болса, оның 34105-і әйелдер. Бүгінде бұл қосымшаны 700-ден астам жүкті ана пайдаланып отыр. Сәйкесінше, Қарағандыда нәрестелер мен аналардың өлім-жітім санын «SOS қызметімен дистанциялы босануға дейінгі патронаж» қызметімен бірнеше есе төмендеттік. Ол көрсеткіштерді жүктілік кезінде де, бала туғаннан кейін де 42 күн бойы жақсартуға ба­ғыт­талған. Бағдарламаны кез кел­ген аяғы ауыр ана ұялы телефо­нына тегін жүктей алады. Онда про­филактикалық шараларға байланысты толық ақпарат, пациент пен дәрігердің ынтымақтастығын жақсарту, жедел жәрдем қызметінің сапасын арттыру көзделген», дейді ол.
Бүгінгі таңда жүкті әйелдің жағ­­­да­йын бақылау,  нақты тұрғы­лық­ты жерін білу, жедел кө­мек көр­сету смартфон немесе планшетке мобильді қосымша ор­нату арқылы жүзеге асырыла бас­та­ды. Қосымшада дәрігерге ар­нал­ған виртуалды жұмыс ка­бинеті жа­сақталған. Онда дәрігер қа­ра­лушының барлық деректерін то­лық көре алады. 
Жалпы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы­ның деректеріне сүйенсек, жыл сайын өңірде 22 мың 500  бала дүниеге келеді. Нәресте өлімі 6,9 пайызға төмендеген. 
Міне, Жанар Мұхамедкәрім­қызындай жандарды біз дәрігер­лердің ішіндегі дәнекер маман деуімізге болады. Себебі, олар ана мен баланың арасындағы жағдайды тұрақты бақылау, емделуші мен ақ халатты абзал жандардың ара­сындағы жұмысты жақсарту жағы­на үнемі көңіл бөліп отыратын та­лап­шыл әрі табанды жұмыс атқа­ра­тын қызметкерлер. Мысалы, был­тыр созылмалы жүрек ақауына ұшырап, бала табуына тыйым салынған ананың жүктілік кезеңін толық қадағалап, аман-есен ұл бала дүниеге келіп, жас нәресте мен тәуекелшіл анаға жарық сәулені қатар сыйлай білді.

Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы