18 Тамыз, 2017

Нәзір Төреқұловтың жұлдызды ғұмыры

2737 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін тарихтағы бірталай «ақтаң­дақтардың» беті ашылып, бүған дейін айтылмай келген, айтылса да мардымсыз сөз етілген көптеген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінің есімдері қайта жаңғыртылып, олар туралы кеңінен жазыла бастады. Міне, сондай тұлғалардың бірі – Нәзір Төреқұлов.

Нәзір Төреқұловтың жұлдызды ғұмыры

Нәзір Төреқұлов – өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары жарқырап шыққан жас қазақ қайраткерлерінің шоғырындағы ең ірі тұлғаларының бірі. Мемлекет және қоғам қайраткері Н.Төреқұлов туралы, оның ерен еңбек­те­рі мен дипломатиялық қызметтері жө­нін­де дипломат, ғалым Тайыр Мансұров үлкен еңбектер жазды. Н.Төреқұловтың өмір жолын  терең зерттеп, зерделеп, ол туралы бірнеше кітаптарын орыс, ағылшын, қазақ тілдерінде баяндап, әлемге жәрия етті. Бұл жөнінде Ресейдің  көрнекті мемлекет қайраткері, академик Е.Примаков былай деп баға бе­реді: «Әрбір мемлекеттің сыртқы сая­саты өткеннің тәжірибесіне сүйенсе, өзі­нің дипломатиялық мектебінің тұ­­тас бір ұрпақтары жасаған амалдар мен әдістерді пайдаланса ғана ба­рын­ша тиімді болмақ. Міне, осы тұр­ғыдан алғанда, бізден тым алыс та емес аса маңызды оқиғаларды ұмыта са­лу ештеңемен ақтауға болмайтын нәр­се. Мысалы, Кеңес Одағы мен Сауд Ара­биясы арасында қарым-қаты­нас ондаған жылдар бойына «елеу­сіз қалып», тек  1990 жылы толық көле­мінде қалпына келтірілгені мәлім. Ал, бұл қатынастар өткен ғасырдың 20-30 жылдары, тұтас он жылдай уа­қыт бойы қарқынды өрлеп, шын мә­нінде әріптестік қатынастар болды. Қандай да бір мемлекетке қатысты сая­си бағдар көбіне оны кім және қа­лай жүзеге асыратындығына байланысты болады. Бұл ретте КСРО-ның Сауд Арабиясындағы өкілетті өкілі Н.Төре­құловтың аса көрнекті рөлі даусыз. Сол жылдардағы басшылықтың ислам жерін­дегі өз өкілі ретінде, біріншіден, діннің бар­лық қалтарыстарын те­рең тү­сінетін, екін­шіден, аса зиялы, білімдар, революция ісіне адал мем­лекет қайраткерін са­налы түрде таң­дап алған кадр саясатына да тиісті бағасын беру керек. Бұл өзін толайы­мен ақтаған таңдау еді. Нәзір Төре­құ­лов сегіз жыл бойы (1928-1936) өз елінің Сауд Арабиясындағы лайықты өкілі бола білді – бұл сол уақыттағы ре­корд­тық мерзім... Н.Төреқұловтың еңбекқорлығы, батыл ойы, жергілікті шейхтермен қатар, «антогонистердің» – Англиядан, басқа да Батыс елдерінен келген дипломаттардың тілін тапқан шеберлігі қайран қалдырады. Өкілетті өкіл қорольмен, оның ұлдарымен де етене жақындасады. Ең ауыр тапсырманың өзін орындауға дайын тұру, туындай­тын мәселелерді шын мәнінде мемле­кет­тік тұрғыда шешуге ұмтылу Н.Төре­құловты кеңестік «алғашқы толқын» дип­ломаттары арасындағы жарқын тұл­ғаның бірі деуге негіз береді».
Нәзір Төреқұлов өзінің тыным­сыз іскер­лігі, ізденімпаздығы, жасам­паз­дығы мен өмірде жиған мол тәжіри­бесінің арқа­сында, ол жасындай қысқа ғұмы­рында туған халқы мен Отаны­на пайдалы көп іс тындырды. Оның тұлға­сы Абай мен Шоқанның ұлы мұ­ра­­сы­ның ықпалымен, Әлихан, Шә­кәрім, Ахмет, Міржақып, Жүсіпбек және басқалармен рухани дидарласу ар­қылы қалыптасты. Н.Төреқұловтың сая­саткер ретінде қа­лып­тасуы ХХ ға­сырдың 15-20 жылдарына – аса күрделі, қым-қуыт, ғалам­шардың алтыдан бір бөлігінде ауқымды әлеу­меттік тәжірибе – жаңа қоғам ор­на­­ту тәжірибесі жүргізіліп жатқан уақыт­қа тұспа-тұс келді. Осынау қиын, Орта­лық Азияның халқы үшін болашақ тағ­дыр­ды айқындайтын кезеңде Н.Төре­құлов Түркістандағы ең  жоғары мем­лекеттік һәм партиялық қызметте бол­ды. Оның өз мұратынан ешқашан айнымайтын ұйымдастырушылық және наси­хатшылық қабілеті алғаш рет тап осында байқалды. Ол өзінің мұратына сай ғұмыр кешіп, еңбек еткен, жарқын болашаққа, әділеттің салтанат құруына сенген. 
Қазақ қайраткерінің Түркістан ха­лық­та­рының басын біріктірудегі тарихи еңбегі орасан зор. Акмал Икрамов, Абдул­ла Рахымбаев, Қайғысыз Атабаев және Түркістан өлкесінің басқа кемең­гер көсемдерімен етене араласқан Нәзір, осы өлкедегі бірігу үдерістеріне нақты ықпал ете алатын, солай етті де. 


ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарында Түркістан Республикасын бас­қа­рып тұрғанда Н.Төреқұлов ірі қалаларда Ташкентте, Түркістанда, Піш­пекте (қазіргі Бішкек), Алматыда, Шым­кентте, Қызылордада, Әулиеатада (қазіргі Тараз), Ашхабадта, Самарқанда, Душанбеде, Қоқанда, Хорезмде, Бұқа­рада көптеген оқу орындарын, мектеп­тер, коледждер мен институттар ашу­­ға атсалысты, тер төкті, білім шы­ра­ғын жақты. Жоғарыда аталған шаһа­р­ларда газет-журналдар редакциялары құры­лып, жаңа баспаханалар ашылды. Шар­уа­­ларға, дихандарға жер үлестері бө­лініп, ауыл шаруашылығы қолға алынды. Фабрикалар мен зауыттар салына бас­тады.  Жұмысшылар тобы пайда бол­ды.
Айта кету керек, маркстік дүние­та­­нымды берік ұстанған Нәзір Тө­реқұлов Түркістан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып істеген жылдары жаңа өкімет пен діннің ық­палдастығында саналы мәмілеге қол жеткізу жолында ғала­мат жұмыс ат­қа­рды. Оның респуб­ли­каның бар­лық ұйымдарында демалыс күнін жек­сенбіден жұмаға ауыстыру туралы қау­лыға қол қоюды ұйғаруы – оның азаматтық батылдығы мен көрегендігін айғақтайтын шара.
Ағартушы, қөсемсөзші ретінде Н.Тө­ре­құ­ловты Түркістандағы ұлттық тілдер тағ­дыры толғантпай тұра алмаған. Ол тұр­ғылықты этностардың тілдеріне мем­ле­кеттік мәртебе берілгеніне, іс қағаз­­дарының жергілікті халық тіліне кө­шірілгеніне, ұлттық мектептер мен кі­тап өнімдерінің, бұқаралық ақпарат құрал­дарының қатары өскеніне шынайы сүй­сінді. Жаңа түркі әліпбиі жөніндегі коми­ссияның төрағасы ретінде араб жазуынан латыншаға көшудің қажеттігін негіздеді. Латыншаға көшірудің барлық түркі этностарына, ұлттық сезіміне, жазба мәдениетіне қатыстылығын анық біліп, дайындық кезеңінің басты міндеті бір жағынан үгіт-насихатқа мейлінше зейін қою, латыншаға көшуге көмектесетін жергілікті ұйымдастыруды нығайту, екін­ші жағынан жаңа түркі әліпбиіне көшу­ді ғылыми негіздеуді қамтамасыз ету деп санады.   
Орта Азияда күн санап өсіп келе жат­­­­қан Түркістан республикасының ғұ­­мы­­ры ұзаққа бармады, небәрі төрт жыл­­ға жуық жасады. Республиканың не­гіз­­гі бөлігін құраған ұлттардың саяси­ басшыларының арасындағы өза­ра келіспеушіліктер мен бірін-бірі түсін­беушіліктер, араздастықтар болды. Әр ұлттың серкелері өз алдына дербес рес­публика болуды, сөйтіп әрқайсысы өз алдына басшы болғанды мақсат тұт­ты. Бұндай көзқарастар Мәскеудегі Одақ басшыларының шовинистік ой-пиғыл­дарымен сәйкес келген еді. Себебі, Мәс­кеу­дегі басшыларға «үй ішінен үй тігіп отырған, күн санап өсіп-өркендеп келе жатқан мемлекет» қай жағынан алып қарағанда да мүлдем керек емес болатын. Өкінішке қарай, Түркістан респуб­ликасы 1922 жылдың соңғы айларында таратылды.
Тарихта тек толағай тұлғалар ғана айтулы із қалдырады. Н.Төреқұлов 1922-28 жылдары Мәскеу қаласында КСРО Орталық Атқару Комитеті жанындағы Орта­лық баспа басқармасының төра­ғасы қызметін атқарды. Ол өзіне жүк­телген жауапты істі жете бағалап, жа­ңа кеңестік мемлекетте ұлттық мәде­ниеттерді да­мы­ту­дағы маңызын тамаша түсінген еді. Орталық баспаның 5 жыл­дығына орай 1928 жылы маусым айында өткен мере­келік мәжілісте оның басшысы ри­зашылықпен былай дейді: «... Орта­лық бас­па әртүрлі ұлттардың сан миллиондаған бұқарасының кеңес мәдениетінен сусындауына жүйелі жол салып берді, өзі құрылған қысқа мерзімде бірде бір елде болып көрмеген кітап өнімдері базасын жасай алды. Бес жылда ол оқулық, ғылыми бұқаралық, қоғамдық-саяси, көркем, ауыл шаруа­шылық және басқа әдебиеттің 59959713 данасын 50-ден астам ұлт тілдерінде шығарды. Кітап өндірісін жасау, ны­ғайту және дамыту ісімен қатар Орта­лық баспа ұлттық мерзімді басылымдар жасап, оларды жақсарту және тарату мәселелеріне байыпты көңіл бө­ліп келеді. Қазіргі кезде ол 12 тілде 21 мерзімді басы­лым шығарып отырғанын айтсақ та жеткілікті».
Н.Төреқұлов КСРО-ның Сауд Ара­бия­сы Корольдігіндегі өкілетті өкілі (1928-1936) болып қызмет атқарды. Н.Төре­құловтың Кеңестік өкілетті өкіл­дің Сауд Арабиясындағы аса бедерлі қыз­­меті дипломаттардың келешек ұрпа­ғына өлмес үлгі-өнеге болып қала береді.
Нәзір Төреқұловтың қысқа болға­нымен нұсқа ғұмырын ой елегінен өткі­зе отырып, оның бойында саяси көш­басшының, көрнекті оқымыстының және публицистің, дарынды дипломат­тың нышандары жас кезінен-ақ байқал­ғанын айту керек.  
Болашақ дипломаттың саналы ғұмы­ры­ның әу басында оған өз ісіне берілген және елінің, халқының мүддесіне қыз­мет етуге даяр кісілер жолықты. Бі­рінші дүниежүзілік соғыс пен азамат соғы­сының сұрапыл жылдарында, сондай-ақ Түркістанда Кеңес өкіметінің орнығуы кезеңінде жиналған саяси күрес тәжірибесі – мұның баршасы, сөзсіз, тағдыр оны жоғары мемлекеттік қызметтерге, кейінірек дипломатиялық соқпаққа жетелеген болашақ өміріне мол шарапаты тиген баға жетпес қа­зы­на еді. Нәзір Төреқұловтың Таяу Шы­ғыс­­тағы болашақ, табысты да тиім­­ді дипломатиялық жұмысының негі­зінде оның Орталық Азиядағы және Мәскеудегі бүкіл қызметі жатыр. Өзі­нің көп қырлы жұмысында қазақ халқының тамаша ұлы терең білімімен, кең көзқарасымен өзін шынайы интернационалист ретінде көрсете білді. Өмірді бүге-шігесіне дейін танып-білу жас жігітті шыңдап шығарды, оның өз күшіне сенімін арттырды, жауапкершілік сезімін тәрбиеледі, өз Отанының мүддесіне қызмет етуге дайын етті.    
«Үштіктің шешімімен» 1937 жылдың 3 қарашасында Н.Төреқұловты ату жаза­сы туралы үкім шығарылып, сол күні Мәскеуде орындалды. КСРО Жоғарғы Әскери коллегиясы 1958 жылдың 28 қаңтарында Нәзір Төреқұловтың ісін қайта қарады. Істің және қосымша тергеудің материалдарын тексеріп әрі бас әскери прокуратураның қорытын­дысымен келісіп, КСРО Жоғарғы Со­ты­ның Әскери коллегиясы шешім қабыл­дап, Н.Төреқұловты толық ақтады. 
Бірақ бұл үкім тым кеш еді. Тамаша адамн­ың, талантты дипломаттың ғұмы­ры ешбір мән-мағынасыз тым ерте үзіл­ге­ні жанымызды күйзелтеді. Қатыгез әділет­сіздікке жол берген КСРО-ның бас­шыларына аса наразылық білдірген Сауд Арабияның корольдігі Кеңес­тер одағымен елу жылдың шамасында дипломатиялық қатынасын үзді.
Бүгінде Нәзір Төреқұлұлының елі­міз­ге, ұлтымызға сіңірген ерен еңбек­терін бағалап, көптеген мектептерге, көшелерге оның атын қойып, құр­меттеп, еске алуда. Оның  өмір жолы, мем­лекеттік және дипломатиялық қыз­меттері зерттеліп, зерделенуде.
Нәзір Төреқұловтың жарқын да, жұл­дызды ғұмырының  болашақ ұр­па­ғымыздың, ұлтымыздың рухани жеті­ліп, өркендеп-өсуі үшін маңызы зор, тағылымы ерекше.                           

Айыпберген Балтабайұлы, 
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, нәзіртанушы