Әлем • 18 Тамыз, 2017

Шуле Ертүрік: Латын әліпбиіне көшу − Нұрсұлтан Назарбаевтың парасатты саясаты

387 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Анкара университетінің докторантурасында (PhD) оқитын түркиялық Шуле Ертүрік өзінің зерттеу тақырыбы ретінде қазақстандық газеттерді таңдаған екен. Нақтырақ айтқанда, Шуле ханымның диссертациялық жұмысы «Егемен Қазақстан» және «Жас Алаш» газеттерінің тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап 2015 жылға дейінгі тілі мен мазмұнына арналған.

Шуле Ертүрік: Латын әліпбиіне көшу − Нұрсұлтан Назарбаевтың парасатты саясаты

Түркияның Сакарья уни­вер­ситетінде лектор болып жұ­мыс істейтін Шуле Ертүрік Аныклы тақырыбын терең зерттеу үшін Қазақстанға он күндік сапармен келіп, Алматы және Астана қалаларындағы ұлттық кітапханаларды ара­лап, қазақстандық ғалым­дар­дың еңбектерімен таныс­ты. Ол сондай-ақ, зерттеу ны­сан­дарының бірі «Егемен Қа­зақстан» газетінің редакциясына соғып, журналистермен жүздесті. Біз осы мүмкіндікті пайдаланып, Түркиядан арнайы келген қонағымызбен шағын сұхбат құрған едік.

− Шуле ханым, не себепті қазақ баспасөзін зерттегіңіз келді?

− Мен 2004-2005 жылдары Алматыдағы Абай атындағы ҚазҰПУ-да түрік тілінен са­бақ бердім. Жұмыс істей жү­ріп, қазақ тілін үйрендім, қазақ әдебиетімен таныс­тым. Кейін Түркияға орал­ғанда қазақ тілінің грам­­мати­касы біршама зерттел­генін, бірақ әлеуметтік лин­гвистика тұрғысынан қарас­­ты­рыл­мағанын бай­қа­дым. Әлеу­меттік лингвис­тика – бұл жаңа бағыт. Ол қо­­ғам өм­ірінің тілге әсерін зерт­тейді. Осылайша қазақ тілін әлеу­меттік лингвистика тұр­ғы­сын­да зерттеуге бел будым. Тіл­ді зерттеудің бірден-бір жо­лы тұрақты жарық көре­тін ба­­сылымдарға талдау жасау екенін түсіндім. Со­дан дис­сер­тациялық тақы­ры­­бымды бе­кіт­тіріп, зерттеу жұмыс­та­рына кірісіп кеттім.

− Зерттеу жұмысын қа­лай жүргіздіңіз? Неден бас­тадыңыз?

− Түркияда Қазақстанның әлеуметтік құрылымы мен бас­пасөзі туралы жазылған кі­таптар аз. Сол себепті, ең алдымен, Еуропада шыққан кітаптарды оқыдым. Байқа­ғаным, 2000 жылдарға дейін Ба­тыстың Қазақстанға көзқарасы оң болған екен де, кейін бір­те-бірте сыни материалдар кө­бейген. Mенің ойымша, Батыс көзқарасы кейбір мә­се­леде объективті емес. Қа­зақстан қарқынды дамыған – түркі мемлекеті. Қазақстанға келгеніме 10 күндей болды. Алматы мен Аста­надағы кітапханаларға бардым. Осы са­парымда Қазақстанға көз­қарасым өзгерді. Әсіресе, ме­диаға байланысты. 2004-2005 жылдары келгенімде қазақ­ша кітаптар мен бұқа­ра­лық ақпарат құралдары аз болатын. Қазір біршама кө­бейген және сапасы өте жо­ғары, заманауи деңгейде. Оның үстіне қазір объективті ақпарат көбірек.

− «Егемен Қазақстан» туралы ойыңыз қандай?

− Дүниежүзілік стандарт­тарға аяқ басқан және объек­тивті ақпаратты көбірек бере­тін басылым дер едім. Бүгінде мен га­зет­тің интернет нұсқасын оқып тұрамын, Қазақстанда бо­лып жатқан оқиғалар туралы мә­ліметті не­гізінен сол жерден аламын.

− «Егемен Қазақстанды» зерттеп жүргеніңізге 5 жыл­ға жуық уақыт өткен екен. Қан­дай қорытындыға келдіңіз?

− Газет 2015 жылға де­йін ресми тілді көбірек пай­да­ланған. Сондай-ақ, тақы­рып ауқымы да қазіргіден тарлау болған. Соңғы 1-2 жылда газет қатты өзгерген. Заманауи, ин­тел­лектуалды, тақырып ауқы­мы кең, сайты бар жаңа ме­диа жобаға айналған.

− Биыл Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағ­­­дар: рухани жаңғыру» ат­ты ма­қаласын жариялады. Ма­қалада Мемлекет бас­шы­сы рухани жаңғыру аясында көп­теген көкейкесті мәсе­ле­лер­ді көтерді, солардың бірі – қазақ тілінің латын әліп­биі­не өтуі. Сіз осыған қалай қа­райсыз?

− Мен, әрине, қолдаймын. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі түркі әлемінің бір ортақ кеңістікте болуына септігін тигізеді. Мен мұны Нұрсұлтан Назарбаевтың парасатты саясаты деп бағалар едім. Өзіңіз білетіндей, Кеңес өкіметі Орта Азия халықтарының басын біріктірмес үшін әртүрлі жы­мысқы стратегияларды жүзеге асырған. Әсіресе, Сталин түркі халықтарының бірігуінің алдын алу үшін Мәскеуге бағынған, арабша жазуды қолданған Түр­кістанды 5 республикаға бөл­ген. Алдымен арабшадан латын әліппесіне ауыстырған. Бұл аймақтағы түркілер 1926-1940 жылдарда латын әліп­песін қолданған. Алайда, 1928 жылы Түркияның латын әліппесіне өтіп, оны белсене қолдана бастағанынан Сталин өзін жайсыз сезініп, уақыт өте келе Орта Азиядағы түркілердің жазуын кирилл әліппесіне ауыстырған еді. Қазір енді, қазақша газет-жур­налдардың, интернет сайт­тардың саны артуы, қазақ­ша диссертациялардың жазылуы, жарнамалардың қа­зақша болуы, қазақша көр­сетілім ұсынатын радио-теле­визияның ұлғаюы және қазақша фильмдердің көбеюі, әрі мемлекеттік қыз­мет­те, бі­лім беру саласында, со­ны­мен бірге халық арасында қа­зақша сөйлесетіндер санының ар­туы көңіл қуантарлық дер едім. Қазақ тілінің дәрежесі өсіпті.

Тіл ұлттың өзін өзі анық­­тауында үлкен бір бас­палдақ болып есептеледі. Менің ойымша, Нұрсұлтан Назарбаевтың тіл саясатын жоспарлауда сәтті қадамдарының осы саладағыдай өзіне тән принциптері бар.

− Әңгімеңізге рақмет.

 

Әңгімелескен

Дархан ӨМІРБЕК,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар