Әлем • 18 Тамыз, 2017

ҚР СІМ: Барселонадағы лаңкестік әрекеттен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдын ала ақпарат бойынша Барселонадағы теракт салдарынан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ.

ҚР СІМ: Барселонадағы лаңкестік әрекеттен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Барселонадағы теракт салдарынан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл – алдын ала мәліметтер. Анықтау жұмыстары жалғастырылуда», – деп мәлімдеді Ә.Жайнақов.

Қазақстанның Барселонадағы Консулдығы жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдерімен тығыз байланыста.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Испания Королі VI Фелипеге Барселона қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.