Қаржы • 18 Тамыз, 2017

Алматыда «Al Hilal» Ислам Банкінің» тұңғыш бөлімшесі ашылды

336 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаңа кеңсе корпаративтік және жеке клиенттерге Шариғат ережелері мен қағидаттарына сай келетін барлық банктік қызмет түрлерін ұсынатын болады.

Алматыда «Al Hilal» Ислам Банкінің» тұңғыш бөлімшесі ашылды

Коорпаративтік клиенттермен 7 жыл бойы табысты жұмыс істеген соң банк исламдық қаржы құралдарын жеке тұлғаларға қолжетімді ету мақсатымен нарықтың жеке тұлғаларға қызмет көрсету саласына шықты. Заманауи және жайлы стильде рәсімделген кеңсе халықаралық деңгейдегі клиенттік қызмет көрсетуді көздеген. Алдағы уақытта бүкіл ел аумағы бойынша онлайн-сервис арқылы қызмет көрсету жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта банк клиенттері депозит, карта өнімдерін, кассалық-есеп айырысу қызметтерін пайдалана алады. Банк ұсынатын инвестициялық депозиттер Қазақстан нарығы үшін жаңа және бірегей өнім екенін ескерген жөн. Клиенттердің қажеттіліктерін ескере келе, жуық арада жеке тұлғаларды қаржыландыру бағдарламасын іске қосу жоспарланып отырған көрінеді.

 – Қазақстандағы исламдық қаржыландырудың одан ары дами түсуіне және оның жеке тұлғалар үшін қолжетімді болуына ықпалдасу мақсатында біз жеке тұлғаларға арналған өнімдерді іске қосып, Алматыда алғашқы филиалымызды аштық. Исламдық қаржыландыру секторы жылына 15% өсіммен, ғаламдық қаржылық жүйедегі ең жылдам дамушы сала болып қалуда. Қазақстанда исламдық қаржыландырудың әлеуеті зор. Қазақстандағы исламдық банкинг флагманы ретінде біз исламдық қаржылық құралдардың артықшылықтарын түсіндіріп, оның өңірдегі бечмаркингін құруды мақсат еттік. – дейді «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ басқарма Төрағасы Гордон Хаскинс.

Исламдық банкингтің дәстүрлі банкингтен негізгі айырмашылығы – ислам банкінің қызметі Шариғат заңдылықтарын басшылыққа алады. Мұндай әдіс серіктестік қарым-қатынастарға негізделген. Сарапшылар исламдық банктік өнімдер діни сеніміне қарамастан, барлық адамдар үшін қолжетімді екенін айтады. Алынатын табыс өндіріске және саудаға инвестициялаумен байланысты болуы, ал барлық қаржылық операциялар нақты активтермен дәлелденуі тиіс. Мамандардың айтуынша, реттеуші органдардан басқа банктің қызметін исламдық құқықтану, қаржы, банктік іс саласында білімі бар халықаралық тәжірибесіне сүйенетін ғалымдардан құралған Шариғат Кеңесі қадағалап отырады.

Арман ОКТЯБРЬ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ