Қазақстан • 18 Тамыз, 2017

Павлодардан Астанаға 10 тонна қарбыз жеткізіледі

606 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы  алдағы сенбі-жексенбі 19-20 тамыз күндері, Астанадағы «Қазақстан» СК алаңында облыстың ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Павлодардан Астанаға 10 тонна қарбыз жеткізіледі

Ұйымдастырушылар жәрмеңкеге баратын қарбыздар алқаптан тікелей жеткізіледі, бір келісі 55 теңге дейді. Лебяжілік бренд аталған қызыл қарбыздардан басқа, тауар өндірушілер картоп, ет, көкөністері бар барлығы 430 тонна өнім апарады. Қарбыз өсіретін «Қайрат» шаруа қожалығы биыл 2 700 гектар алқапқа қауын-қарбыз еккен. Соңғы жылдары селекциялық жұмыстарға ден қойған шаруашылық жылдан-жылға қарбыздың жаңа тұқымдарын өсіруде.

Шаруа қожалығының басшысы Қайрат Шапуовтың айтуынша, қазір қауын-қарбыз пісіпті. Салмағы 10, 15, 20 келілік «Фарао», «Великан», «Ред-кристалл», «Оранж кинг», «Қарапатшайым», «Каристан», «Бомба», «Топ гон», «Черный принц» сорттары бар.

Ұйымдастырушылар қарбыздан басқа былтырғы өткен  жәрмеңе  көрсеткендей астаналықтар үшін павлодарлық картоп пен ет те өтімді. Биыл да солай жәрмеңкеге «Рубиком»,  «КЭММИ», «Ақжар-Өндіріс», «Крендель»,  «Зерноград»,  «Галицкое», «Шарбақты Құс», «Победа», «Ақтоғай Агро» ЖШС, «Жана Роса» АҚ, «РЭГТайм» ШҚ сиқяты өңірдегі жұртшылыққа сапалы  өнімдерімен белгілі осындай кәсіпорындар қатысады.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»