Футбол • 19 Тамыз, 2017

Футболдан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы тағайындалды

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан еліміздің жасөспірімдер құрамасының (U17) аға жаттықтырушысы қызметіне отандық маман Игорь Свечников тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстанның футбол федерациясы.

Футболдан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы тағайындалды

Бұған дейін ол Қазақстан жастар құрамасы (U21) аға жаттықтырушысының көмекшісі қызметін атқарған.

Федерацияның мәліметінше, Игорь Свечников футбол карьерасында «Химик», «Целинник», «Қайрат», «Металлург» (Магнитогорск) және «Жеңіс» командаларында ойнаған. Бапкерлік қызметінің көп бөлігін «Жеңіс», «Оқжетпес», «Жетісу», «Астана» және «Бәйтерек» клубтарында өткізген. Оған жасөспірімдер құрамасын жаттықтыруға тағы бір қазақстандық маман – Иван Азовский көмектесетін болады.

Айта кетейік, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U17) алдағы уақытта бірнеше халықаралық турнирге қатысады. Атап айтқанда, футболшылар 4-8 қыркүйек аралығында ҚР Президентінің Кубогында, ал 19-25 қыркүйек аралығында Беларусь астанасы Минскіде 2018 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде сынға түседі.