Қазақстан • 19 Тамыз, 2017

Астананың бірнеше көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына байланысты Астана қаласындағы бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің медиа орталығы.

Астананың бірнеше көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

Тәуелсіздік даңғылы бойынша Тәшенов көшесінен Қажымұқан көшесіне дейінгі учаскеде асфальтбетонды жабдықты қайта төсеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты 18 тамыз күні сағат 21.00-ден 20 тамыз күнгі сағат 06.00-ге дейін жол көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылады.

Сонымен қатар, автокөлік жолдарының орташа жөндеу жұмыстары аясында елордада Айғаным көшесі бойынша Қорғалжын тас жолынан Ұлбике ақын көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осыған байланысты 19-27 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы үшін жол жабылады.

Астана тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес беріледі.