Аймақтар • 19 Тамыз, 2017

Рудныйда облыстық жазғы «Тың-Целина-2017» спартакиадасы басталды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы Рудный қаласында 32-ші облыстық «Тың-Целина-2017» спартикиадасы басталды.

Рудныйда облыстық жазғы «Тың-Целина-2017» спартакиадасы басталды

Жыл сайынғы дәстүрлі спорт шарасы биыл өзінің 60 жылдық мерейтойын атап отырған Рудный қалсында өтеді. Спартакиада алауын Рудный қаласының құрметті азаматы, елімізге, одан да тыс жерлерге есімі мәшһүр спортшы, шаңғышы, КСРО спорт шебері, 72 жастағы Иван Гаранин тұтатты.

Рудный қаласының мерейтойы мен облыстық спартакиаданы өткізу шаралары үшін облыстық және қалалық бюджеттерден және ССКӨБ кәсіпорны қаражатынан 100 миллион теңге бөлінді.

Нәзира Жәрімбет,
«Егемен Қазақстан»
Рудный