Үкімет • 19 Тамыз, 2017

Бақытжан Сағынтаев Ауғанстан Атқарушы билігінің басшысымен кездесті

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ауғанстан Ислам Республикасының Атқарушы билігінің басшысы Абдулла Абдулламен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz

Бақытжан Сағынтаев Ауғанстан Атқарушы билігінің басшысымен кездесті

Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері және 2015 жылғы қарашада Ауғанстан президенті А. Ганидің Астанаға сапары барысында екі мемлекеттің Басшылары жасасқан келісімдердің іске асырылу барысы талқыланды.

Сондай-ақ, өңірдің транзиттік әлеуетін жақсарту шаралары мен темір жолдар салу саласындағы екіжақты ынтымақтастық перспективалары қаралды. Бұдан өзге, екі елдің білім беру саласындағы өзара іс-қимылын жалғастыру мәселесі көтерілді.

Бақытжан Сағынтаев Абдулла Абдулланы ұлттық мерекесі – Ауғанстан Ислам Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Оған қоса, тараптар Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017-дегі Ауғанстанның Ұлттық күнін талқылады.