Әлем • 20 Тамыз, 2017

NASA алып астероидтің Жерге жақындағанын көрсетті (видео)

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

NASA агенттігі алып астероидтің Жерге жақындап келе жатқанын көрсетті, деп хабарлайды rosbalt.ru

NASA алып астероидтің Жерге жақындағанын көрсетті (видео)

Агенттік өкілдері Флоренс деп аталатын аспан денесінің Жерге ешқандай қауіп тудырмайтынын алға тартуда. Олар астероидтің ұшу бағытын көрсететін видеоролик әзірледі. Диаметрі шамамен 4,5 шақырымды құрайтын астероид Жерден 7 млн шақырым қашықтықта ұшып өтеді.      

«Жерге бұдан да жақын қашықтықта ұшып өткен астероидтар болған, алайда, олардың көлемі бұдан кіші. Флоренс – NASA агенттігінің Жерге жақын аспан денелерін анықтау мен бақылау бағдарламасы іске қосылғалы бері анықталған ең ірі астероид саналып отыр», – дейді агенттік өкілі Пол Ходас.

Бұған дейін Флоренс астероиді Жерге 1890 жылы жақындапты. Ал биыл тамыздың соңы мен қыркүйектің басында оны телескоп арқылы көруге болады.