Қазақстан • 21 Тамыз, 2017

"Жастар" жазғы жайдарман фестивалі мәресіне жетті

621 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен  Қазақстан КВН Одағы ұйымдастырған республикалық "Жастар" жазғы фестивалінің жеңімпазы анықталды.

"Жастар" жазғы жайдарман фестивалі мәресіне жетті

Жайдарман ойындары жазғы демалысынан кейінгі дәстүрлі түрде өтетін алғашқы ойыны "Жастар" жазғы фестивалі мәресіне жетті. Жыл сайын халықаралық "Жастар күніне" орай өтетін сайыста, 15 команда арасынан астаналық "Сарыарқа ауданы құрамасы" үздік өнер көрсетіп, бас жүлдені иеленді. Ал екінші орынды Атырау облысынан келген "Миялы" командасы алса, үшінші орынды екі бірдей оңтүстікқазақстандық топ - жетісайлық «Алақай - балақай» мен "Сарыағаш құрамасы" қанжығасына байлады.

Ойынға Ойынға Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенұлы, танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт, белгілі саясаттанушы Айдос Сарым, тележүргізуші Берік Уәли және қоғам қайраткері Мұрат Әбенов қазылық етті.